menu
Жабу

Кеңес ал!

«От одного садика к сети «УмкаКидс»: история успеха с поддержкой Фонда «Даму»

03.10.2025

Оралдық Меңдіғазиева Эльмира Құсайынқызы 2016 жылы батыл қадамға барып, алғашқы жеке балабақшасын ашты. Бизнес бастау үшін ол екі бөлмелі пәтерін сатып, екі қабатты ғимаратты жалға алды. Мектепке дейінгі білім беру ісімен айналысу жайлы идея тұңғыш немересі Айлин дүниеге келген кезде пайда болды. Сол сәтте әр бала қауіпсіз жерде қамқорлыққа бөленіп, үйлесімді дамитын кеңістік құрудың қаншалықты маңызды екені белгілі болды.

Қазір «УмкаКидс» Орал қаласында жеті балабақшалы желіге айналған. Заманауи жағдайы, ата-аналарға арналған икемді форматы және жоғары сапасымен ерекшеленеді. Солардың ішінде қаламыздағы алғашқы тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшалардың бірі, «балалар қонақ үйі» және демалыс күнгі топтар бар. Балалармен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақ беретін педагогтар жұмыс істейді. Ал кіші топтардан бастап бүлдіршіндер шет тілін ойын арқылы үйрене бастайды. Ұжымда логопедтер, психологтар, дефектологтар, музыка жетекшілері мен дене шынықтыру жаттықтырушылары бар. Барлық мамандар заман талабына сай болу үшін тұрақты түрде біліктілік арттырып отырады.

«УмкаКидс»-тің басты ерекшелігі – бала дамуына жеке көзқарас және қауіпсіздік, сапа мен эмоционалды жайлылық үйлесетін атмосфераны құру. Жұмыстың негізінде халықаралық ECERS бағдарламасы жатыр. Ол балабақшадағы әр күнді пайдалы, қызықты әрі жылы етуге мүмкіндік береді.

Табысты жол оңай болған жоқ. Кейінгі балабақшаларды ашу барысында ұжым бірнеше рет «Даму» қорынан қолдау алды. Субсидия көмегіне ие болып, кепілдік мүлік жетіспеген жағдайда Қордың кепілдігін пайдаландық. Бұл ғимараттарды сатып алуға және жөндеуге, жабдық алуға және жобаны дамытуға мүмкіндік берді. Соңғы 10 жылда кәсіпкер «Даму» қорымен табысты серіктес болып келеді. Мәселен, желіні кеңейту және жаңа балабақша ғимаратын сатып алу кезінде «Бірыңғай кешенді бағдарлама» бойынша субсидиялау және кепілдендіру құралдары пайдаланылды, ал ғимаратты жөндеу және жабдық сатып алу үшін «Өрлеу» бағдарламасы бойынша АО «Forte Bank» арқылы 12,6% жеңілдетілген несие алынды. Мұндай қолдаудың арқасында тәрбиеленушілердің санын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және бір ғана балабақшаны толыққанды желіге айналдыруға мүмкіндік туды. Бүгінде «УмкаКидс»-те 180-нен астам қызметкер жұмыс істейді, ал осы жылдар ішінде мыңнан астам бала білім мен қамқорлық алды.

Эльмира Құсайынқызының айтуынша, бизнестегі басты ұстанымы – «Артқа қарамау!». Ол жаңа бастаған кәсіпкерлерге өз ісін балаңызды сеніп тапсыратындай деңгейде құруға кеңес береді. Өйткені ата-аналардың сенімі – ең үлкен құндылық.

«УмкаКидс»-тің алдағы жоспарлары да ауқымды: келесі жылдары логопедтік бағыты бар жаңа филиал ашу жоспарлануда. Бұл табыс тарихының басты ұраны мынадай: «Ең бастысы – алға ұмтылудан қорықпау!». 

Мекенжайы: БҚО, Орал қ, Ихсанов көш., 44/2

Телефон: + 7 701 78 38 88

Инстаграмм: umkakids_uralsk