Кеңес ал!
Мақсаткерлік, табандылық және ұлттық дәстүрлерге деген сүйіспеншілік -бұл қасиеттер Марина Валентиновна Рейдинаға өз ісін ашуға ғана емес, сондай-ақ Павлодарда «Өрлеу» жеңілдетілген бағдарламасы бойынша «Freedom Bank» АҚ арқылы цифрлық несие алған алғашқы кәсіпкер әйел атануға көмектесті.
Бір кездері Марина Валентиновнаның Павлодар қаласындағы сауда үйлерінің бірінде құрт сататын бөлімі болған. Алайда жеткізушілер әрдайым өнімнің сапасын тұрақты деңгейде ұстай алмады. Бұл жағдай шешуші сәтке айналды: химик-технолог мамандығы бар Марина Валентиновна табиғи қазақ ұлттық тәттілерін өзі өндіруге бел буды. Ол шикізаттан бастап қаптамаға дейінгі барлық өндіріс процесін қатаң бақылауға алды.
Бүгінде «ЭкоДом-Павлодар» күніне екі тоннаға дейін сүт өңдеп, дәстүрлі ұлттық тағамдар өндіреді: құрт, қызыл ірімшік, жент, қоспа, сондай-ақ крафтты ірімшіктер мен бірегей десерттер. Әсіресе, ерекше сұранысқа ие өнім - жемісті курт. Оның құрамына табиғи жеміс джемдері кіреді, бұл өнімге ерекше дәм мен көз тартарлық көрініс береді.
Компанияның өнімдері Павлодар, Екібастұз, Астана және басқа да қалалардағы супермаркеттерде сатылады. Сондай-ақ, ағаш жәшіктерге салынған сыйлық жиынтықтары түрінде де ұсынылады - олар мерекелік сыйлық ретінде тамаша таңдау.
Бизнесін одан әрі дамыту үшін Марина Валентиновна екі рет «Jusan Bank» АҚ-на жүгініп, кәсіпкерлікті дамыту қоры «Даму» арқылы мемлекеттік қолдау аясында жылдық мөлшерлемесі небәрі 6% болатын жеңілдетілген несиелер алды. Сонымен қатар Қор несие сомасының 85%-ына дейін кепілдік беріп, кепіл мүлкінің жетіспеушілігін өтеді.
2025 жылы Марина Валентиновна жаңа қадам жасап, алға ілгеріледі. «Даму» қоры іске қосқан «Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы туралы білген соң, ол «Freedom Bank» АҚ-ға жүгініп, жалпы сомасы 14 миллион теңге болатын цифрлық несие алды. Несие бүкіл мерзім бойы 12,6% жеңілдетілген мөлшерлемемен берілді. Бұл қаражат кәсіпорынның айналым қаражатын толықтыруға бағытталды.
«ЭкоДом-Павлодар» компаниясының жоспары ауқымды: 2025 жылы кәсіпорын көпшілікке танымал Гхи майын өндіруді іске қосты. Алдағы уақытта табиғилық пен қазақстандық сапаның символына айналған бренд аясында өнім түрлерін кеңейту көзделіп отыр.
Мекенжайы: Павлодар қ., Орталық өнеркәсіп аймағы, 1887 ғимараты
Телефон: 8-705‒674‒47‒98
Instagram: @eco_dom_pavlodar