menu
Жабу

Кеңес ал!

Шымкент қаласының шағын және орта бизнестің дамуы

02.10.2025

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы) кәсіпкерлерге үш негізгі құрал арқылы мемлекеттік қолдау көрсетуді жалғастыруда: жеңілдетілген қаржыландыру, кепіл жеткіліксіз болған жағдайда несиеге кепілдік беру және пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау. Биыл «Даму» Қоры ауқымды трансформациядан өтуде. Бұл ретте кәсіпкерлерге таныс қолдау құралдары сақталды, алайда олардың ішкі құрылымы сапалы өзгертіліп, жұмыс тиімдірек әрі жылдамырақ болуына бағытталды. «Даму» Қоры қолдаудың нарықтық емес тетіктерінен біртіндеп неғұрлым орнықты әрі ұзақмерзімді шараларға көшуді жүзеге асыруда.

Осылайша, биыл маусым айында «Өрлеу» жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы іске қосылды. Бұл құрал пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға тиімді балама болуға тиіс және кәсіпкерлерге қаржыландыруды кідіріссіз алуға мүмкіндік береді. Бағдарлама шарты тартымды – несие мерзімі 10 жылға дейін, бекітілген пайыздық мөлшерлеме 12,6%. Шымкент қаласында осы бағдарлама аясында жыл басынан бері жалпы несие сомасы 24,6 млрд теңгені құрайтын 38 жоба қолдау тапты.

Ағымдағы жылы Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша құны 7 млрд. теңгеге дейінгі және 7 млрд. теңгеден жоғары жобалар үшін екі Кепілдік Қоры іске қосылды. Енді кәсіпкерде кепілдік қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда «Даму» Қоры 7 млрд теңгеге дейінгі жобаларға кепілдікті портфельдік кепілдендіру тетігінің арқасында небәрі 2 жұмыс күні ішінде береді. Кепілдік несиеге, лизингтік келісімдерге және шарттарды орындауға таратылады, несие сомасының 85%-ына дейін, бірақ 3,5 млрд теңгеден аспайтын көлемде қамтиды.

Шымкент қаласында 2025 жылдың 9 айында кепілдік беру бағыты бойынша жалпы сомасы 8,5 млрд теңгені құрайтын 90 жоба қолдау тапты. Оның ішінде 1-ші Кепілдік Қоры аясында жалпы құны 5,9 млрд теңге болатын 52 жоба мақұлданды.

Сонымен қатар жыл басынан бері өңірде «Даму» Қоры субсидиялау құралы арқылы жалпы несие портфелі 26,7 млрд теңгені құрайтын 154 жаңа жобаны қолдады.

– «Даму» Қоры ұлттық даму институты болғандықтан, Қазақстанның барлық өңірлеріндегі шағын және орта бизнестің сапалы дамуына жәрдемдеседі. Бұл – экономикаға айтарлықтай серпін береді. Шымкент қаласында 2010-2024 жылдар аралығында мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлер 11,7 мың жаңа жұмыс орнын ашты. Олар бюджетке 359,7 млрд. теңге салық төледі, - деп атап өтті «Даму» Қорының бағдарламаны қаржыландыру департаментінің директоры Әлішер Аманшаев.

Баспасөз туры аясында БАҚ өкілдері өңірдегі үш кәсіпорынның жұмысымен танысты.

«Ақ-Су Корпорациясы» ЖШС — 1999 жылдан бері Қазақстанның құрылыс материалдары нарығында сенімді түрде жетекші орын алып келе жатқан, қарқынды дамып келе жатқан өндірістік бренд. Компанияның негізгі бағыты — кез келген күрделіліктегі металл бұйымдары мен конструкцияларын шығару және сату. Өнімдер қатарында профнастил, металл черепица, тегіс табақ, рабица торы, қосымша элементтер және басқа да бұйымдар бар. Сонымен қатар, компания көркем плазмалық металл кесу және энергия жөндеу қызметтерін ұсынып, идеядан дайын өнімге дейінгі толық өндірістік циклді қамтамасыз етеді.

2025 жылдың басында компания «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында қатысып, жабдық сатып алу мен айналым қаражатын толықтыру үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы қаржыландыру алды. Жылдық 18%-дың 10%-ын «Даму» қоры субсидиялап, бұл өндірістік мүмкіндіктерді кеңейтудегі маңызды қадам болды. Сондай-ақ, тамыз айында компания «Өрлеу» бағдарламасы бойынша тағы да жеңілдетілген қаржыландыру алып, 12,6%-бен айналым қаражатын толықтырды.

«QMP Qazmedpribor» ЖШС — медициналық жабдықтар мен жиһазды өндіру және «QMP Qazmedpribor» ЖШС — медициналық жабдықтар мен жиһазды өндіру және жеткізуге маманданған компания. 2012 жылы құрылғаннан бері мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдар үшін сенімді серіктес ретінде танылды.

Компания қызметінің негізгі бағыттары — хирургиялық және ортопедиялық құрал-жабдықтар шығару, диагностикалық жабдықтар мен медициналық жиһаз жеткізу, сондай-ақ жедел жәрдем көліктерін ұсыну. Өнім ассортиментінде дефибрилляторлар, стерилизаторлар, пульсоксиметрлер, массаж үстелдері және басқа да жабдықтар бар. Барлық өнімдер халықаралық сапа стандарттарына сай және қатаң бақылаудан өтеді.

2025 жылдың тамыз айында компания «Даму» қорының «Өрлеу» жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы аясында «Банк ЦентрКредит» АҚ-нан несие алды. Бағдарлама шеңберінде қарыз алушы үшін соңғы мөлшерлеме 12,6% болып белгіленіп, қаржыландыру қолжетімді әрі тиімді болды.

«Сауран» балабақшасы ЖШС — 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қабылдайтын заманауи мектепке дейінгі мекеме. Бүгінгі таңда балабақшада 220 бала тәрбиеленуде, олардың әрқайсысы назар мен қолдауға бөленуде.
Мекеме балалардың физикалық, зияткерлік және шығармашылық дамуына ықпал ететін қосымша сабақтар ұсынады. Балабақшада логопед, хореограф, каратэ жаттықтырушысы және басқа да мамандар жұмыс істейді. Олар балалардың қабілеттерін ашып, өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға көмектеседі.

2025 жылы «Сауран» балабақшасына Шымкент қаласындағы «Даму» қоры филиалы барып, кеңес беріп, «Банк ЦентрКредит» АҚ-на несие алуға өтініш жасалды. Өтініш мақұлданып, жоба «Өрлеу» бағдарламасы аясында 12,6%-бен қолдау алды. Сондай-ақ, «Гарантиялық қор-1» бағдарламасы бойынша «Даму» қорының кепілдігі беріліп, балабақша ғимаратын кеңейтуге және негізгі құралдар сатып алуға мүмкіндік туды.

«Даму» Қорының қолдауы – бұл тек қаржылық құралдар ғана емес, сонымен бірге өңірлік экономиканың дамуына қосқан үлес. Шымкент қаласының кәсіпкерлері үшін ол нақты өсудің, жаңғыртудың және бәсекеге қабілеттілікті арттырудың құралына айналуда.