Кеңес ал!
1999 жылы киім-кешек саудасы мен жылжымайтын мүлікті жалға беріп іс бастаған Фархат Бекметев Семей орманында «Eastwood» демалыс базасын салуға дейінгі жолдан өтті.
Компания дамуының маңызды кезеңдерінің бірі де осы – демалыс базасын салу туралы шешім қабылдау болды. Бұл ойын жүзеге асыру үшін Фархат Реккатұлы «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарамасы аясында мемлекеттен қолдау алды. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «Alatau City Bank» АҚ арқылы 259 млн теңге несие алғанда «Даму» Қоры қарызына кепіл болып, пайызын ішінара субсидиялады.
Құрылысты аяқтау үшін кәсіпкер 2025 жылы «ForteBank»-тен «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 12,6% бен 178 млн теңге қосымша қаржы алды.
Нәтижесінде жоба сәтті аяқталып, 2024 жылы «Eastwood» демалыс базасы есігін ашты. Қазір бұл кешенде:
Жалпы аумағы 180 ш.м. болатын жылыту жүйесімен жабдықталған 2 үй,
екі қабатты, 50 жатын орны бар 953 ш.м. қонақ үй,
36 ш.м. монша бар.
Жыл бойы үздіксіз қызмет көрсетеді. Базаның ерекшелігі – спорттық туризмге бағытталғаны. Соңғы 10 жылдан астам уақыт ішінде қалыптасқан іскери байланыстардың арқасында база футбол, баскетбол және күрес командаларын тұрақты қабылдайды. Сонымен қатар, база аңшылар мен балықшылар үшін де танымал орын, өйткені оның жанынан Ертіс өзені ағып жатыр.
Қазір базада даму жұмыстары жалғасып, аумақ абаттандырылып, жалпы ауданы 220 ш.м. болатын тағы 3 қонақ үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл қосымша 10 жатын орнын құруға мүмкіндік береді.
«Eastwood» демалыс базасы – бұл жай ғана туристік нысан емес, мемлекеттік қолдау бағдарламаларын тиімді пайдалану, сауатты басқару және Қазақстандағы ішкі туризмді дамытуға деген сенімнің нақты үлгісі.
Фархат Реккатович пен оның командасы өңір экономикасының дамуына үлес қосып, жаңа жұмыс орындарын құрып, Қазақстанның туристік имиджін нығайта отырып, алға нық қадам басуда.
+7 777 217 78 15
Мекенжайы: Абай облысы, Семей қ., Қызыл кордон, Тұқтабаев к-сі, 68
Instagram: @eastwood.semey