menu
Жабу

Кеңес ал!

«Қазақстандық ұзақ ғұмыр» ЖШС: қарттарға құрмет, қамқорлық және лайықты тұрмыс

04.11.2025

«Қазақстандық ұзақ ғұмыр» ЖШС – бұл қазіргі қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі – зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін сапалы бос уақыт пен күндізгі күтімді қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік жоба.

Жобаның бастамашысы – Лилия Даниленко, ол өзінің деменциямен ауыратын қарт анасына күтім жасау кезінде осы мәселені өз басынан өткерген.
«Менің анам 85 жаста еді. Ол мұғалім болып жұмыс істеген, ақылды, білімді, беделді адам болатын. Бірақ деменция басталғанда, мен бұл мәселені жалғыз жеңе алмайтынымды түсіндім. Ол қыста сүйретпемен көшеге шығып кететін, кейде телефон соғып: «сыртқа шықпа, соғыс басталды, қазір бәрімізді жарып жібереді», – дейтін. Мен тек оның тыныш, әдемі, жайлы жерде болуын қаладым. Осылайша орталық пайда болды», – дейді Лилия Станиславовна.

Бұл бастама егде жастағы адамдар тек күтім мен медициналық бақылауға ғана емес, сонымен қатар көңіл бөлуге, қолдауға және қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алатын орталықтың құрылуына себеп болды.

«Қазақстандық ұзақ ғұмыр» орталығы өз қамқорлығындағы жандарға құнарлы тамақтану, психологиялық және медициналық көмек, сондай-ақ белсенді және пайдалы уақыт өткізуге жағдай ұсынады. Мұнда әр адам өзін қажет әрі қорғалған сезінетін жылы әрі сенімді атмосфера қалыптасқан. Бұл жер көптеген отбасылар үшін жақын жандарын сенімді қолға тапсырғанына деген сенімділік берген шешім болды.

Қазір орталықта бірнеше қызмет форматы бар: таңғы 9-дан кешкі 7-ге дейін күндізгі күтім, бес күндік және тұрақты тұру. Әр келушіге жеке көңіл бөлінеді, қызметкерлер денсаулық жағдайын, қан қысымын бақылайды, гигиеналық шаралар жүргізеді, туыстардың қоңырауларына жауап беріп, орталықтағы өмірден фото және бейнежазбалармен бөлісіп отырады.

«Басында мен тұрақты тұруды жоспарламадым», – дейді Лилия Станиславовна. «Бұл жер балабақша сияқты болсын дедім: келіп, күнін өткізіп, үйіне қайтатын. Бірақ бізге Тараздан, Алматыдан, Астанадан, тіпті Екатеринбургтен де әжелер мен аталарды әкелетін болды.»

Қазіргі таңда Петропавл қаласында орталықтың екі филиалы жұмыс істеп тұр, әрі Лилия Станиславовна мұнымен тоқтап қалмақ емес – ол бұл жобаның франшизасын әзірлеп, оны Қазақстан қалаларында енгізуді жоспарлап отыр.

Жобаның жүзеге асуы жеңілдетілген мемлекеттік қаржыландыру бағдарламасының арқасында мүмкін болды. Қаржыландыру «Forte Bank» АҚ арқылы жүргізілді, кәсіпкер үшін сыйақы мөлшерлемесі 20,25%-дан 7%-ға дейін төмендетілді. Осы қолдаудың арқасында идея табысты әлеуметтік бизнеске айналып, күн сайын ондаған адамның өмірін жақсартып отыр.

Бүгінгі таңда «Қазақстандық ұзақ ғұмыр» ЖШС – Қазақстанда егде жастағы адамдарға қамқорлық көрсетудің жаңа стандарттарын қалыптастырып, тұрақты даму мен әлеуметтік миссияны ұштастыра білген әлеуметтік кәсіпкерліктің жарқын үлгісі.

 

Петропавл қ, Ишим к-сі, 35; Петропавл қ, Интернациональная к-сі, 55. 

+7 705 352 76 40

Instagram: @zentr_dolgoletie