menu
Жабу

Кеңес ал!

Мемлекеттен қолдау алған кәсіпорындарға «Даму» Қорының Ұлытау облысы бойынша филиалы өткізген пресс тур

14.10.2025

«Даму» Қоры ұйымдастырған пресс тур барысында БАҚ өкілдері Ұлытау облысында жүзеге асырылып жатқан жобалармен таныса алды. Қордың Ұлытау облысы бойынша филиалы директорының айтуынша, өңірде қорды қолдау құралдары аясында 172 кәсіпкер жалпы сомасы 6 млрд теңге қолдау алған.

Биыл маусым айында жеңілдетілген несиелейтін «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылды. Бұл құрал пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау құралына балама болып, кәсіпкерлердің қаржыны кідіріссіз алуына мүмкіндік береді. Ол бойынша инвестиция, айналым қаражатын толықтыру және қайта қаржыландыруға несие алуға болады. Мөлшерлемесі тұрақты 12,6% және қаржыландыру лимиті елеулі. (инвестицияға 7 млрд теңгеге дейін, айналым қаражатына 3,5 млрд теңгеге дейін қарыз беріледі; мерзімі – инвестицияға 10 жылға дейін). Облыста осы бағдарлама бойынша жыл басынан бері 9 жоба жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеге қолдау алды.

Кепілдік беру құралы бойынша биыл мемлекет басшысының тапсырмасымен құны 7 млрд теңгеге дейінгі және 7 млрд теңгеден асатын жобалар үшін екі «Кепілдік қоры» іске қосылды. Енді кәсіпкерде кепілзат тапшы кезде «Даму» Қоры 7 млрд теңгеге дейінгі қарызға кепілдікті өте қысқа мерзімде - портфельдік кепілдіктің арқасында 2 жұмыс күні ішінде береді. Бұл жүздеген аймақтық жобаларға несие алуға мүмкіндік береді. Кепілдік несие сомасының 85%-на дейін, бірақ 3,5 млрд теңгеден аспайтын соманы жаба отырып, несие, лизинг мәмілелеріне және келісімшарт орындауға қолданылады.

            «Даму» қоры Қазақстанның барлық өңірінде шағын және орта бизнесті жүйелі түрде қолдап, оның тұрақты дамуына жағдай жасап келеді. Ұлытау облысында 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қолдауды пайдаланған кәсіпкерлер 341 жұмыс орнын сақтап, бюджетке 1,5 млрд теңгеден астам салық түсірді. Бұл көрсеткіштер ШОБ-ты қолдау өңір экономикасына және халықтың әл-ауқатына тікелей ықпал ететінін дәлелдейді», – деді «Даму» қорының Ұлытау облысы бойынша филиалының директоры Арман Менжесаров.

      Пресс тур аясында БАҚ өкілдері өңірдегі үш кәсіпорынның жұмысымен танысты:

     1. «Казтехфильтр» ЖШС – фильтр элементтерін өндіруші
отандық компания. 2011 жылдан бері «Казтехфильтр» ЖШС іштен жанатын қозғалтқыштарға арналған ауа сүзгі элементтерін шығарады. Өндірісте Hollingsworth & Vose (АҚШ) компаниясының жоғары сапалы сүзгі материалдары қолданылады, бұл өнімнің сенімділігін және халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді. Өндірістің барлық кезеңінде сапаны қатаң бақылау жүргізіледі – кәсіпорында жеке зертхана және технологиялық бөлім жұмыс істейді. Фильтрация саласындағы әлемдік жаңалықтарды тұрақты бақылаудың арқасында өнім өндіруші зауыттардың техникалық параметрлеріне сай келеді.
Компания құрылған күннен бастап «Даму» қорының мемлекеттік бағдарламаларын белсенді пайдаланып келеді, бұл өндірісті кеңейтуге және жаңғыртуға мүмкіндік берді. 2025 жылғы тамыз айында кәсіпорын жабдық сатып алу және айналым қаражатын толықтыру үшін «Өрлеу» бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы жылдық 12,6% мөлшерлемемен жеңілдетілген қаржыландыру алды.

     2. «Конурбаева З.А.» ЖК 2021 жылғы 19 тамызда тіркеліп, Жезқазған қаласында көкөніс өсірумен табысты айналысып келеді.

    Жоба аясында Зура Қонурбаева желдету жүйесімен және нығайтылған құрылымымен жабдықталған заманауи 1,7 га жылыжайды сатып алды. Жөндеу және іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін қияр, қызанақ және пияз өсіру бойынша толыққанды өндіріс іске қосылды. Өнім жергілікті нарықта сатылып, жоғары сұранысқа ие. Күзде кәсіпкер жаңа бағыт — қызғалдақ өсіруді бастауды жоспарлап отыр. Жоба мемлекеттік қолдаудың арқасында жүзеге асты. Кәсіпкер «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы мемлекеттік бағдарлама құралдарын пайдаланып, қаржыландыру алды. Атап айтқанда, «1-кепілдік қоры» аясында жоба сомасының 85%-ына дейін кепілдік беріліп, банк сыйақы мөлшерлемесінің 40%-ын мемлекет 3 жыл бойы субсидиялайды. Бұл – жылыжайды сатып алуға және оны жаңғыртуға мүмкіндік берді. Жоба агро-кәсіпкерлікті дамытуға, халықты жаңа өніммен қамтамасыз етуге және ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемін арттыруға ықпал етеді.

      3. Ұлытау облысында «Даму» қорының қолдауымен бірегей әлеуметтік жоба – «Smart Kids» шығармашылық студиясы іске асырылды.
      Кәсіпкерлер Жанар мен Анастасия «Бірыңғай кешенді бағдарлама «аясында «Қазақстан Халық Банкінен» қаржы алды. Жылына 19,25%-дық сыйақы мөлшерлеменің 12,25%-ын мемлекет субсидиялайды, ал кәсіпкерлер небары 7%-бен ғана төлейді. Бұл өз ғимаратын сатып алып, жобаны табысты дамытуға мүмкіндік берді. Бүгінде студияда 150-ден астам бала ерте даму, мультипликация, шахмат, арт-бағыттар бойынша білім алуда. Сонымен қатар логопед, дефектолог, нейропсихолог сияқты мамандардың қызметтері көрсетіледі. Орталық екі тілде жұмыс істейді және инновациялық оқыту форматтарын белсенді енгізіп отыр.

     «Smart Kids» – аймақтағы балалар өз мультфильмдерін түсіріп, анимация жасап, дыбыстайтын алғашқы орталық. Алдағы уақытта мектепке дейінгі балаларға арналған балабақша ашу жоспарлануда.