Кеңес ал!
2019 жылы бәрі бір идеямен, мызғымас сеніммен және небәрі үш адамнан тұратын шағын ұжыммен бастау алды. Сол кезде аз уақыттың ішінде бұл шағын қазақстандық компания сенімді тазарту жабдықтарын шығаратын ірі өндіріске айналып, импортпен бәсекелесіп, өнімін экспортқа шығаруы сирек кімнің ойында болған.
Бүгінде «TAZAU» Тазарту құрылыстары зауыты – бұл 50 кәсіби маманнан тұратын команда, мыңнан астам өндірілген станция және бір миллион текше метрден астам тазартылған су. Мұндай ауқымды жетістіктер – жылдар бойы атқарылған жүйелі еңбектің, батыл басқарушылық шешімдердің және ел инфрақұрылымындағы жергілікті өндірістің үлесін арттыруға бағытталған стратегиялық ұстанымның нәтижесі.
Бизнесті бастауға түрткі болғаны — нарықта сапалы отандық су тазалау және су бұру жабдықтарына деген қажеттіліктің бар екендігін түсіну болды. Импорттық өнімдер әрдайым күткен талаптарға сай келмейді — мерзімі, қызмет көрсету сапасы және бағасы жағынан. Осы олқылықты толтыруды мақсат еткен TAZAU-ның негізін қалаушылар 1 миллион теңгеден аз қаражатты инвестициялады. Компанияның басты ұстанымы көлемге емес, кәсіби шеберлік пен бірегей тәсілге қойылды.
Бастапқы күннен бастап TAZAU полипропиленнен — беріктігі мен төзімділігі жоғары, қиын жағдайларға бейімделген материалдан жабдықтар өндіруге басымдық берді. Сонымен қатар, компания тұтынушыларға сервис қызметін бірден ұсынып, бұл олардың нарықтағы маңызды артықшылығына айналды.
Компания дамуының маңызды кезеңі – «заводтық дайындық» принципін енгізу болды. Бұл дегеніміз, өнім тапсырыс берушіге толық жинақталған және сынақтан өткен күйінде жеткізіледі – тек оны нысанда орнату қажет болады. Мұндай тәсіл тәуекелдерді айтарлықтай азайтып, іскерлік пен мемлекеттік тапсырыс берушілер үшін уақытты үнемдейді.Компания құрылғаннан бері қызметкерлер саны 16 еседен астам өсті – 3-тен 50 адамға жетті. Компания дамуын жалғастырып, қызметкерлерді оқытуға, процестерді автоматтандыруға және ең бастысы – өз зауытын салуға инвестиция құюда. Бұл қадам өндірістік қуатты жаңа деңгейге көтеріп, сапа стандарттарын одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.
TAZAU кешенді шешімдер ұсынады: тұрмыстық және беткі ағындар үшін жабдықтардан бастап, канализациялық насос станциялары, резервуарлар, септиктер және павильондарға дейін. Сонымен қатар, компания автожуу жүйелері мен өрт сөндіру насос станциялары үшін арнайы жүйелерді әзірлейді. Әр жоба жеке көзқараспен жасалып, әр өнім Қазақстанның пайдалану шарттарына сәйкес сертификатталған. Жабдықты тікелей компания өкілдерінен сатып алуға болады. Мұндай сатылым моделі клиентке жай ғана тауар емес, кеңес беру, жобалау және сервистік қолдаумен «бір терезе» қағидасындағы толық шешімді ұсынуға мүмкіндік береді.
Өндірісті дамытуға айтарлықтай серпін берген маңызды факторлардың бірі —2025 жылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның қолдауымен «Банк ЦентрКредит» АҚ-тан алынған қарыз қаражатын тарту болды. «1 Кепілдік қоры» бағдарламасы аясында TAZAU компаниясы несие бойынша кепілдік алып, су фильтрациясы мен тазалау жабдықтарын өндіру бағытын кеңейтуге мүмкіндік алды. Бұл мемлекеттік қолдау шарасы өндірістік қуаттардың тұрақты өсуін қамтамасыз етіп, нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға стратегиялық қадам болды.
Бүгінде TAZAU — жай ғана бизнес емес, бұл — миссия. Миссия — суды таза ету, инфрақұрылымды сенімді қылу және елдің технологиялық тәуелсіздігін нығайту. Әрбір жобаның артында негізін қалаған алғашқы күннен сенген біртұтас команда тұр.
«Өз өніміңізге және командаңызға сеніңіз. Бұл – бастауышта ең маңыздысы», — дейді TAZAU компаниясы бизнесте енді ғана өз жолын бастағандарға.
TAZAU-дың табысы — идеялардың еңбектің арқасында жүзеге асатыны туралы тарих. Сонымен қатар, Қазақстанда инновациялық, сапалы әрі бәсекеге қабілетті шешімдерді жасап, бүтін бір саланы өзгертуге болатынын дәлелдеген оқиға.
Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 12
Телефон: +7‒707‒297‒23‒21; +7 (7172) 97‒23‒21
Веб-сайт: tazau.kz
Инстаграм: @tazau.kz