Кеңес ал!
Ақмола облысында 2025 жылдың 9 айында кепілдік беру бағыты бойынша жалпы несие сомасы 76,7 млрд теңге болатын 361 жоба қолдау тапты, кепілдік сомасы – 62 млрд теңге. Оның ішінде:
1. 1-Кепілдік қоры аясында – жалпы несие сомасы 9,5 млрд теңгені құрайтын 56 жоба, кепілдік сомасы 5,9 млрд теңге. Жобалардың негізгі бөлігі өңдеу өнеркәсібіне, көлік және қоймалау саласына тиесілі.
2. АӨК субъектілерінің көктемгі егіс және/немесе жинау жұмыстарына арналған кепілдендіру бағдарламасы бойынша – жалпы несие сомасы 64,9 млрд теңгені құрайтын 280 жоба, кепілдік сомасы 55,2 млрд теңге.
АӨК субъектілеріне көктемгі егіс және/немесе жинау жұмыстарына несие беру шарттары: қарыз сомасы – 1,5 млрд теңге, ҚР Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлеме +7,5%-дан аспайтын үстеме, кепілдік – несие сомасының 85%-ына дейін.
Сонымен қатар, жыл басынан бері «Даму» қоры өңірде 64 ШОБ субъектісін субсидиялау құралы арқылы жалпы несие портфелі 9,9 млрд теңге көлемінде қолдады. Оның ішінде:
1. Бірыңғай кешенді бағдарлама аясында – жалпы сомасы 7,3 млрд теңгені құрайтын 47 жоба;
2. Ішкі сауда субъектілерінің 17 жобасы – жалпы несие сомасы 2,6 млрд теңге.
Ұлттық даму институты ретінде «Даму» қоры Қазақстанның барлық өңірінде ШОБ-ты сапалы дамытуға ықпал етуде. Бұл айтарлықтай экономикалық нәтиже беруде. Ақмола облысында 2010–2024 жылдар аралығында мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлер 9,2 мың жаңа жұмыс орнын құрды. Бюджетке төленген салық көлемі 449 млрд теңгені құрады, – деді «Даму» қоры Ақмола облыстық филиалының директоры Айнагүл Еркенқызы.
Баспасөз туры аясында БАҚ өкілдері өңірдегі мемлекеттік қолдау алған үш кәсіпорынның жұмысымен танысты:
«МИР КАРАТЭ» ЖШС – 2022 жылдың 13 қаңтарында Көкшетау қаласында спортты дамыту және жауынгерлік өнерді жас ұрпақ арасында насихаттау мақсатында құрылған. Компания басшысы – балалар мен жастарды каратэге баулуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз қызметін арнаған Руслан Жексембайұлы Нұрғалиев. Негізгі қызмет бағыты – спорт және демалыс саласындағы білім беру. Бүгінде компания секцияларында үш жастан бастап балалар мен жасөспірімдер жаттығады, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған адаптивті каратэ бар. Мұндай формат үдерістерді икемді басқаруға және сапаға, жеке көзқарасқа көңіл бөлуге мүмкіндік береді. 2025 жылы компания «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы үй-жай сатып алуға қаржыландыру алды.
Кепілзат жеткіліксіздігіне байланысты «Даму» қоры «1-кепілдік қоры» бағдарламасы бойынша кепілдік берді. Мемлекеттік қолдау секцияларды кеңейтуге, балалардың жаттығу жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді. «МИР КАРАТЭ» тәрбиеленушілері қалалық және облыстық жарыстарға тұрақты қатысып, жүлделі орындарға ие болып, өңірді лайықты таныстыруда.
«Milk Project» ЖШС – 2009 жылы Зеренді ауданының Садовое ауылында құрылған. Алғашқы кезеңде кәсіпорын тәулігіне 2–4 тонна сүт өңдейтін. Қазіргі уақытта компания жылына орта есеппен 20 000 тонна сүт өңдеуде. Өндірілетін өнім ассортиментіне: ультрапастерленген сүт, қаймақ, айран, йогурт, ряженка, сүзбе, май және т.б. кіреді. Компания «ДКБ2020» бағдарламасы аясында бірнеше рет мемлекеттік қолдау алды (субсидиялау, кепілдендіру). Сондай-ақ «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша сауынды жабдықтары бар мал фермасының құрылысы жобасы қолдау тапты. 2025 жылғы тамызда компания «Өрлеу» жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы аясында «ForteBank» АҚ-нан қарыз алды. Бағдарлама бойынша қарыз алушы үшін түпкілікті сыйақы мөлшерлемесі – 12,6%. Сонымен қатар «1-Кепілдік қоры» аясында кепілдік беріліп, қаржыландыру қолжетімді әрі тиімді болды.
«Wellness & Resort» ЖШС – Щучинск қаласының Бурабай ауданындағы көркем орманды туристік аймақта ең ерекше «Лес» қонақүйін салды. Қонақүй 21 гектар жерде орналасқан, оның 6 гектары абаттандырылған (үйшік, жолдар, SPA, монша кешені, демалыс аймақтары), қалғаны – қарағайлы-қайыңды орман. Жоба аясында SPA-комплекс, мейрамхана, қонақ үйлері бар коттедждер салу үшін қарыз қаражаты тартылды. Демалыс аймағы 160 адамға есептелген. 2025 жылы компания «ForteBank» АҚ-нан қаржыландыру алып, сыйақы мөлшерлемесі ППРК шеңберінде субсидияланды («Моно және шағын қалаларды қолдау» бағыты). Қарыз алушы үшін түпкілікті ставка – 10%. Сондай-ақ «Даму» қоры бірлескен бұйрық шеңберінде кепілдік берді («Моно және шағын қалаларды қолдау» бағыты).