menu
Жабу

Кеңес ал!

Мемлекеттен қолдау алған кәсіпорындарға «Даму» Қорының Маңғыстау облысы бойынша өңірлік филиалы өткізген пресс тур

22.10.2025

Маңғыстау облысында «Өрлеу» бағдарламасы басталған уақыттан бері 40 жоба жалпы сомасы 11,3 млрд теңгеге қолдау алды.

9 ай ішінде кепілдік портфелі 6,9 млрд теңге болатын 137 шартқа қол қойылды. Оның ішінде 1-ші Кепілдік Қоры аясында 92 жобаға 6 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Жобалардың ең көп үлесі өңдеу өнеркәсібі мен білім беру саласына тиесілі.

– «Даму» Қоры ұлттық даму институты болғандықтан, Қазақстанның барлық өңірлеріндегі шағын және орта бизнестің сапалы дамуына жәрдемдеседі. Бұл – экономикаға айтарлықтай серпін береді. Біз кәсіпкерлерге үйреншікті қолдау тетіктерін сақтап қалдық, алайда олардың мазмұнын едәуір жетілдіріп, жұмыстың тиімділігін арттырдық. Сондай-ақ экономиканың басым салалары тізімі айқындалды. Олар: өңдеу өнеркәсібі, көлік және логистика, туризм, денсаулық сақтау мен білім беру. Маңғыстау облысында 2010-2024 жылдар аралығында мемлекеттен қолдау алған кәсіпкерлер 7909 жаңа жұмыс орнын ашты. Олар бюджетке 520,2 млрд теңге салық төледі, - деді «Даму» Қорының Маңғыстау облысы бойынша өңірлік филиал директоры Берік Кадиров.

eb1eb42f-245b-4651-a13f-323421484835.JPG

Сондай-ақ, өңірлік бағдарламалар қарқынды дамып, нақты секторға назар аударылып келеді. Қайта өңдеу, агроөнеркәсіп, медицина және әлеуметтік өндірістер, сондай-ақ жұмыс орындарын ашу және экспортты дамыту жөніндегі бастамаларды қолдау жөніндегі нақты шаралар белсенді дамуда. Бұл Президенттің өндірістік сектордың қажеттіліктеріне сәйкес «инвестицияға тапсырыс» қалыптастыру талабымен толық үндес. 

Пресс тур аясында БАҚ өкілдері өңірдегі үш кәсіпорынның жұмысымен танысты: 

«Нұр-Орда М» мектебі ЖШС — 2024 жылдың тамыз айында ашылған жекеменшік мектеп. Бұл мектеп – қазақ тілінде оқытатын, тегін жалпы білім беретін мекеме болып табылады. Мектепте 1-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі оқушылар білім алуда.

Бүгінгі таңда мектепте 550-ден астам оқушы білім алуда, ал оқу процесін 70-тен астам білікті педагог қамтамасыз етуде. Мұғалімдер жоғары кәсіби дайындыққа ие және сын тұрғысынан ойлау, цифрлық дағдылар мен функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған заманауи оқыту әдістерін белсенді енгізуде.

Мектептің басты ерекшеліктері: жекеменшік мектеп бола тұра, оқу тегін; оқыту тілі – қазақ тілі; математика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жаратылыстану ғылымдары сияқты STEM бағыттарына ерекше көңіл бөлінеді; цифрлық білім беру платформалары кеңінен қолданылады; әр оқушыға жеке көзқарас; дарынды балаларды қолдау және олардың әлеуетін олимпиадалар, байқаулар мен жобалар арқылы дамыту; жайлы әрі қауіпсіз оқу ортасы.

Мектеп заманауи, ашық және тиімді білім беру ортасының үлгісі болуға ұмтылады, мұнда әрбір оқушы сапалы білім мен жан-жақты қолдау алады.

Өз қызметін кеңейту мақсатында «Нұр-Орда М» мектебі ЖШС мектептің қажеттілігі үшін коммерциялық нысан сатып алу бойынша инвестициялық жоба жүзеге асырды. Жоба «Даму» қорының қолдауымен, «Өрлеу» бағдарламасы аясында, жылдық 12,6% мөлшерлемемен, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы қаржыландырылды.

Жобаны іске асыру нәтижесінде: Оқушыларды қамту көлемі артады; Жаңа жұмыс орындары ашылады; Сондай-ақ, өңірдегі тегін жекеменшік білім беру саласының көшбасшысы ретінде мектептің бәсекеге қабілеттілігі артады. 

«KazEcoBuild» ЖШС — заманауи құрылыс материалдарын, соның ішінде CLC block ұялы кеуекті бетон блоктарын өндіруге маманданған қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорын. Компания 2020 жылдың ақпан айында құрылған және содан бері өз өндірістік кешенін кезең-кезеңімен дамыту стратегиясын табысты жүзеге асырып келеді.

Кәсіпорын заманауи, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз және энергия тиімді өндірісті құруға бағытталған. Өнімдер жоғары сапа стандарттарына, беріктік пен ұзақ мерзімділік талаптарына сәйкес келеді.

Қазіргі уақытта өндірістік қуаттылық тәулігіне шамамен 60–70 м³, ал жоспарланған қуаттылық 100–110 м³ CLC блок құрайды. Өндіріс процесі заманауи жоғары технологиялық жабдықтарды пайдалана отырып жүргізіледі.

Кәсіпорында шамамен 25 тұрақты жұмыс орны құрылған, ал өндіріс көлемін ұлғайту есебінен бұл көрсеткішті 50 жұмыс орнына дейін арттыру жоспарлануда.

Бүгінгі күні компания Terrazzo плиткасын өндіруге арналған жабдықтарды сатып алып, өндірістік цехтың құрылысын жүргізуде. Бұл жобаны жүзеге асыруға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өңдеу өнеркәсібі саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу бағдарламасы аясындағы қолдауы мүмкіндік берді. 

«Ак Бекет» ЖШС өз қызметін 2001 жылы шағын көлемдегі капиталдық жөндеу жұмыстарынан бастады. Кейінірек компания «ҚазТрансОйл» АҚ-ның нысандарында өндірістік және тұрмыстық ғимараттардың жаңа құрылысын жүргізуге кірісті.

2020 жылы мемлекеттік тапсырыстармен жұмыс істеу тәжірибесі бар «My Time» ЖШС-мен ынтымақтастық орнатқаннан кейін, энергетика саласындағы ірі жобаларды жүзеге асыруға кірісті.

Қысқа мерзім ішінде компаниялар тобы өңір үшін маңызды бірнеше жобаларды табысты аяқтады. 2021 жылы күш біріктіре отырып, жоғары вольтты электротехникалық жабдықтарды өндіретін зауыт сатып алды. Бүгінде зауыттың қажетті ресурстары мен білікті мамандары бар және ол біржақты қызмет көрсету камераларын, толық жинақталған тарату құрылғыларын, трансформаторлық қосалқы станцияларды және блок-модульдік ғимараттарды өндіре алады. 

Аталған жоба «Даму» қорының қолдауымен «Bank RBK» АҚ-нан субсидиялау тетігін пайдалана отырып несие алды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында пайыздық мөлшерлеме жылына 5%-ға дейін төмендетілді. Бұл кәсіпорынға несиені өтеу бойынша қаржылық жүктемені едәуір азайтып, босатылған қаражатты бизнесті дамытуға бағыттауға мүмкіндік берді. «Даму» қорының қолдауы компанияның тұрақты өсуі мен нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызды фактор болды.

Пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау және кепілдік беру құралдары, әрине, экономиканың өсуі мен ШОБ-тың мемлекеттің ЖІӨ-не үлесінің ұлғаюына ықпал етеді. Бұл факторлар мемлекет басшысы тапсырған міндеттерді жоспарлы түрде шешеді.