menu
Жабу

Кеңес ал!

Қазақ жерінен — жаһандық нарыққа!

22.10.2025

Күнбағыстан тазартылмаған май алып, толықмайлы соя өндіретін отандық «Макай» ЖШС 2002 жылы тіркелді. Құрылған күнінен бастап компания сапаға, тұрақты дамуға және елдің азық-түлік қауіпсіздігіне қосатын үлеске баса назар аударады. 

Компанияның өндіріс алаңы екі стратегиялық маңызды өңірде орналасқан. Абай облысы Семей қаласындағы зауыт тәулігіне 150 тоннаға дейін күнбағыс тұқымын қайта өңдей алады, ал Алматы облысы Сарқан қаласындағы зауыт тәулігіне 23 тоннаға дейін толықмайлы соя өндіреді. Негізгі өнімдерден бөлек, өңдеуден кейінгі қалдықтар – күнбағыс күнжарасы мен шрот, сондай-ақ толықмайлы соя өндіріледі. Бұл өнімдер мал азығы ретінде кеңінен қолданылады және агроөнеркәсіптік кешеннің қосалқы салаларының дамуына ықпал етеді. 

Компания өнімдері Қытай мен Өзбекстан сияқты шетел нарықтарына экспортталады, бұл олардың жоғары сапасы мен халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін растайды.

Көп жылдар бойы компанияның сенімді қаржылық серіктесі – «Банк ЦентрКредит» АҚ. Мемлекеттік бағдарламалармен тиімді өзара әрекеттестік нәтижесінде компания бұрын «АӨК-ке кепілдік беру» және «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында қолдау алған. 

2025 жылы компания тағы бір маңызды қадам жасап, «Өрлеу» жеңілдікпне несие беру бағдарламасы аясында «1-кепілдік қоры» өнімі арқылы кепілдік алды. 12,6% мөлшерлемемен берілген 1 миллиард теңге көлеміндегі несие және 449 миллион теңге кепілдік сомасы айналым қаражатын толықтыруға бағытталды. Бұл шешім өндіріс көлемін айтарлықтай арттырып, компанияның экспорттық әлеуетін күшейтуге мүмкіндік берді. 

Бүгінде бұл компания — жеке бастама, мемлекеттік қолдау және стратегиялық басқарудың сәтті үйлесімінің жарқын үлгісі. 

«Макай» ЖШС

+7 701 734-10-72, +7 705 553-77-75, +7 727 325-40-15

Абай облысы, Семей қ., Терешкова 6Б