Кеңес ал!
Қазақстанда шағын бизнесті дамытуды ынталандыру құралдарының бірі –«Даму» Қоры. «Бәйтерек» холдингінің бұл еншілес ұйымы бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламаларын негізгі 3 құрал арқылы жүзеге асырады. Олар: жеңілдікпен қаржыландыру, кепіл жеткіліксіз кезде кепілдік беру және пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау. Биыл Қор ауқымды трансформациядан өтіп жатыр. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге үйреншікті құралдар сақталып қалды. Бірақ олардың ішкі құрылымы сапалы түрде өзгерді. Осылайша олар жылдам жұмыс істеп, жақсы нәтиже береді. Қор нарықтық емес қолдау механизмдерінен неғұрлым тұрақты және ұзақ мерзімді шараларға біртіндеп көшетін болады.
Қордың қаржылай қолдау шараларының арқасында көптеген кәсіпкерлер микро кәсіпкерліктен және орта, тіпті ірі бизнеске дейін өсті.
– «Даму» Қоры ұлттық даму институты болғандықтан, Қазақстанның барлық өңірлеріндегі шағын және орта бизнестің сапалы дамуына жәрдемдеседі. Бұл – экономикаға айтарлықтай серпін береді. Біз кәсіпкерлерге үйреншікті қолдау тетіктерін сақтап қалдық, алайда олардың мазмұнын едәуір жетілдіріп, жұмыстың тиімділігін арттырдық. Сондай-ақ экономиканың басым салалары тізімі айқындалды. Олар: өңдеу өнеркәсібі, көлік және логистика, туризм, денсаулық сақтау мен білім беру. Атырау облысында 2010-2024 жылдар аралығында мемлекеттен қолдау алған кәсіпкерлер 9 500 жаңа жұмыс орнын ашты. Олар бюджетке 605 млрд теңге салық төледі, - деді «Даму» Қорының Атырау облысы бойынша өңірлік филиал директоры Ернар Жұмағалиев.
Биыл маусым айында жеңілдікпен несиелейтін «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылды. Бұл құрал пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау құралына балама болып, кәсіпкерлердің қаржыны кідіріссіз алуына мүмкіндік береді. Ол бойынша инвестиция, айналым қаражатын толықтыру және қайта қаржыландыруға несие алуға болады. Мөлшерлемесі тұрақты 12,6% және қаржыландыру лимиті елеулі. (инвестицияға 7 млрд теңгеге дейін, айналым қаражатына 3,5 млрд теңгеге дейін қарыз беріледі; мерзімі – инвестицияға 10 жылға дейін). Облыста осы бағдарлама бойынша жыл басынан бері 23 жоба жалпы сомасы 6 млрд теңгеге қолдау алды.
Кепілдік беру құралы бойынша биыл мемлекет басшысының тапсырмасымен құны 7 млрд теңгеге дейінгі және 7 млрд теңгеден асатын жобалар үшін екі «Кепілдік қоры» іске қосылды. Енді кәсіпкерде кепілзат тапшы кезде «Даму» Қоры 7 млрд теңгеге дейінгі қарызға кепілдікті өте қысқа мерзімде - портфельдік кепілдіктің арқасында 2 жұмыс күні ішінде береді. Бұл жүздеген аймақтық жобаларға несие алуға мүмкіндік береді. Кепілдік несие сомасының 85%-на дейін, бірақ 3,5 млрд теңгеден аспайтын соманы жаба отырып, несие, лизинг мәмілелеріне және келісімшарт орындауға қолданылады. 9 ай ішінде Атырау облысында кепілдік беру бағыты аясында
98 жобаға қолдау көрсетілді, жалпы несие сомасы 10,6 млрд теңгеден құрады, кепілдік сомасы — 5 млрд теңге. Оның ішінде 1-ші Кепілдік қоры аясында 51 жоба қолдау тапты, несие сомасы — 7,2 млрд теңге, кепілдік сомасы — 3,9 млрд теңге. Жобалардың басым бөлігі өңдеу өнеркәсібі, сауда, көлік және қоймалау салаларына тиесілі.
Сондай-ақ, өңірлік бағдарламалар қарқынды дамып, нақты секторға назар аударылып келеді. Қайта өңдеу, агроөнеркәсіп, медицина және әлеуметтік өндірістер, сондай-ақ жұмыс орындарын ашу және экспортты дамыту жөніндегі бастамаларды қолдау жөніндегі нақты шаралар белсенді дамуда. Бұл Президенттің өндірістік сектордың қажеттіліктеріне сәйкес «инвестицияға тапсырыс» қалыптастыру талабымен толық үндес.
Пресс тур аясында БАҚ өкілдері өңірдегі үш кәсіпорынның жұмысымен танысты. Олар:
Табысты жобалардың бірі – фасад термоплиттерін (жылуфасадтар), пенопласт және фиброполистиролбетоннан жасалған сәндік элементтер өндіретін, құрылыс материалдары саласындағы отандық өндіруші – «Теплый дом» ЖШС.
Тұрақты даму үшін кәсіпорынға қосымша қаржы қажет болды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен ынтымақтастықтың арқасында компания 12,6% мөлшерлемемен Қазақстан Халық Банкі «АҚ» арқылы «Өрлеу» бағдарламасы бойынша жеңіл несиеге қол жеткізді.
«Даму» Қоры арқылы алған несие кәсіпорынға үйлер, ғимараттар салу кезінде қолданылатын және жоғары жылу оқшаулағыш, әмбебап және жеңіл салмақ, жылдам монтаж, тиімді дыбыс төмендеткіш оқшаулағыш, төзімді және әмбебап сэндвич-панельдер өндірісінің жаңа желісін іске қосу үшін заманауи жабдықтар сатып алуға мүмкіндік берді.
Сэндвич-панельдерді жалпы өндірістік циклге біріктіру бағыттар арасындағы ішкі синергияны күшейтті, бөгде жеткізушілерге тәуелділікті төмендетті және бизнестің жалпы маржиналдығын ұлғайтты.
Отандық кәсіпорындар өңірдің шағын және орта бизнесін дамытуға зор үлес қосуда. Олардың бірі – көпсалалы «Континент Ко ЛТД» өндірістік-коммерциялық фирмасы ЖШС.
Компания Қазақстан Республикасының батыс өңірінде телекоммуникациялық мақсаттағы талшықты-оптикалық және құрамында мыс бар кабель өнімдерін шығаратын жалғыз кәсіпорын.
Өндірісте берілген параметрлердің жоғары дәлдігін сақтауға және жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беретін озық технологиялар пайдаланылады.
Зауыт жылына 36 000 км құрайды, 100-ден астам талшықты-оптикалық кәбілдік өнімдер шығарады.
Талшықты-оптикалық кабель өндірудің артықшылығы: жоғары жылдамдықты интернет, телевизиялық арналарды сапалы қабылдау, сенімді телефон байланысы.
Бірнеше жыл бойы «Континент Ко ЛТД» өндірістік-коммерциялық фирмасы ЖШС компаниясы субсидиялау және кепілдік беру құралдары бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысып келді.
2025 жылдың тамыз айында компания «Даму» қорының «Өрлеу» несиелендіру бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық Банк» АҚ-нан 12,6%-дық жеңіл несие алды.
«Домино Групп» ЖШС – өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілердің инженерлік жүйелерін жобалау, жабдықтарды жеткізу, монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстары (сауда және орнату және қызмет көрсету, ауа баптау жүйелері, жылыту жүйелері және жабдықтардың желдету жүйелері), спиральді орамды ауа арналарын өндіру саласындағы серпінді дамып келе жатқан компаниялардың бірі.
«Домино Групп» компаниясының дамуындағы басты қадам қызмет көрсету спектрін кеңейту және жергілікті мердігерлік жұмыстарды орындаудан тұрғын үй ғимараттарынан ірі коммерциялық объектілерге дейін кешенді құрылыс жобаларын іске асыруға өту болды. Бұл кезең компанияға жаңа деңгейге шығуға, тапсырыс берушілердің сенімін нығайтуға мүмкіндік берді.
Жұмыс уақытында компания жоспарлау мен бақылаудың заманауи әдістерін (цифрлық құралдар, процестерді стандарттау) енгізді. Алғашқы iрi объектiлердi табысты тапсыру және сапаны қатаң бақылау тұрақты беделдi қалыптастырудың кепiлi болды.
Биыл бизнесті кеңейту үшін компания айналым қаражатын толықтыру үшін «Forte Bank» АҚ арқылы қаржыландыру алды. Қор «1-кепілдік беру қоры» бағдарламасы аясында кепілдік берді.
Пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау және кепілдік беру құралдары, әрине, экономиканың өсуі мен ШОБ-тың мемлекеттің ЖІӨ-не үлесінің ұлғаюына ықпал етеді. Бұл факторлар мемлекет басшысы тапсырған міндеттерді жоспарлы түрде шешеді.