Кеңес ал!
Ақтөбеде «SPORT-TEX» брендімен спорттық киімдердің заманауи өндірісі басталды. Жобаны жүзеге асырған кәсіпкер Сабыржан Балмұрзиев отандық тігін ісін дамыту және ішкі нарықта сапалы спорт форманы қолжетімді етуді мақсат етті. Бірнеше жыл бұрын пайда болған бұл идея бүгінде балаларға, жасөспірімдерге және ересектерге арналған сапалы және қол жетімді спорттық форманы шығаратын заманауи тігін цехына айналды.
Тігін цехын іске қосу үшін кәсіпкер «Банк ЦентрКредиттен» несие алды. Мемлекеттік бағдарлама аясында «Даму» Қоры сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялады («ШОБ қолдау бағыты»). Осы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнес жаңа жабдық сатып алуға және компанияның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік алды. Компания шығаратын өнімдер:
Футбол, волейбол, баскетбол және хоккей формалары мен аксессуарлары.
Жеке элементтер — команданың бірегей және кәсіби көрінісін жасауға мүмкіндік беретін логотиптер, нөмірлер және ойыншылардың аты-жөнін кестелеу.
Арнайы спорттық киімдер мен жеке өлшемдер мен дизайн бойынша жасалған басқа да жабдықтар.
Қазір «SPORT-TEX»-де кәсіпқойлар командасы жұмыс істейді. Кәсіпорын заманауи тігін машиналарымен, термопресстермен және жоғары сапа стандарттарына сәйкес келетін өнімдерді шығаруға мүмкіндік беретін кең форматты принтермен жабдықталған.
«SPORT-TEX» тарихы — мемлекеттік қолдау, жаңа жұмыс орындарын құру, өңірдің экономикасын нығайту мен отандық өндірісті дамытудың мысалы. Бүгінгі таңда зауыт тұрғындарды сапалы киіммен қамтамасыз етіп қана қоймай, спорт индустриясын да дамытуда.
Ақтөбе қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 17.
+7 777 420 88 30
instagram: @sport_tex.kz