menu
Жабу

Кеңес ал!

Шағын командадан ауқымды сервиске дейін

28.10.2025

«Шын.С» ЖК – адал еңбек және мемлекеттік қолдаудың аарқасында нөлден тұрақты бизнеске дейін өсуге болатынының айқын үлгісі. Компания 2020 жылдың 23 желтоқсанында Ақмола облысы, Щучинск қаласында құрылған. Осы уақыт ішінде ол шағын командадан жүк тасымалдау саласындағы сенімді компанияға айналды.

Компанияның негізін қалаушы және басшысы Қасымов Қуандық Сайынұлы жүк тасымалына деген тұрақты сұранысты байқағаннан кейін осы салада кәсіп ашу жайлы ойға келді.

Бастапқыда 2 қызметкер және 5 миллион теңге капиталмен жұмыс бастады. Қиындықсыз болған жоқ — әсіресе қаржы жетіспеушілігі қатты сезілді. Бірақ дәл осы қиындықтар белсенді дамуға түрткі болды.

Бүгінде «Шын.С» ЖК жүк тасымалдау саласында сапалы, уақытылы және адал қызмет көрсетеді. Команда 5 адамға дейін өсті, ал клиенттер саны айтарлықтай артты. 5 жыл ішінде бизнес тұрақты дамып келеді: техника жаңартылып, штат кеңейіп, тапсырыстар көлемі өсті.

Компанияның дамуына кәсіпкер бірнеше рет алған мемлекеттік қолдау үлкен әсер етті. Бұған дейін бизнесті қолдау бағдарламаларына қатысқан кәсіпкер 2025 жылы «Нұрбанк» арқылы «Өрлеу» бағдарламасы аясында жеңіл несие алды. Сондай-ақ қарыз аларда «1-кепілдік қоры» аясында Қордың кепілдігін де пайдаланды. Бұл шаралар кәсіпорынның техникалық базасын нығайтуға және көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Осы қаражатқа екі КамАЗ және жүк тиегіш сатып алынып, жүк тасымалдау қызметінің көлемі едәуір артты.

Алдағы 1–2 жылда Қуандық Саинович Қазақстан аумағы бойынша қызмет көрсету географиясын кеңейтуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ автопаркті одан әрі ұлғайту мүмкіндігі қарастырылуда.

Бизнес жолын енді бастағандарға «Шын.С» ЖК басшысы «Қорықпаңыздар және тек алға жылжыңыздар», - деп кеңес береді. 

Мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы.
Тел.: +7 777 100 06 07
Эл. пошта: yyurist2024@bk.ru