menu
Жабу

Кеңес ал!

«ПК АГФ Групп»: Үйіңізге жылылық пен жайлылық сыйлайтын бренд

28.10.2025

«ПК АГФ Групп» ЖШС — он жылдан астам уақыт бойы нарықта табысты жұмыс істеп келе жатқан, үйге арналған тоқыма өнімдерін өндіретін отандық кәсіпорын. Осы жылдар ішінде компания шағын тігін шеберханасынан өз саласындағы беделді көшбасшылардың біріне айналды.

Алғашқы кезеңдерде кәсіпорынның өнім түрлері— бүркемелеу торларынан бастап мектеп формасына дейін алуан түрлі болды. Уақыт өте келе компания сұранысы жоғары бағытқа — үйге арналған тоқыма өнімдерін өндіруге басымдық беріп, сапаға, стильге және жайлылыққа назар аударды.

Компанияның негізгі қызмет бағыты — төсек-орын жабдықтары, халаттар, көрпелер және басқа да үй текстильдері. Бұл өнімдер жоғары сапасымен, ұзақ мерзімділігімен және заманауи дизайнымен ерекшеленеді.

«АГФ» атауы фабрика негізін қалаған адамдардың есімдерінің алғашқы әріптерінен құралған — Анипа, Гаухар және Фатхулла. Бұл атау компанияның іргетасы болған бірлік, еңбекқорлық және отбасылық құндылықтарды бейнелейді.

Кәсіпорынның өндірістік базасы Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Ыңғайлы географиялық орналасу логистиканы тиімді ұйымдастыруға және Қытай, Үндістан, Түркия сияқты негізгі шикізат жеткізуші елдермен тиімді ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.

Өнім сапасының жоғары болуы — тиімді басқару жүйесі мен жолға қойылған өндірістік процестердің нәтижесі. Компанияның жетістігінің негізінде заманауи технологиялар, жаңа жабдықтар және өз ісін жетік білетін кәсіби мамандар тобы жатыр. Олар тұтынушылар сенімін ақтайтын өнім өндіруді басты мақсат санайды.

Компания директоры Гаухар Насырова атап өтеді:
«Біздің басты басымдығымыз — сапа мен клиенттердің сенімі. «ARUA» брендімен шығарылған әрбір өнім әр үйге жылылық пен жайлылық сыйлауы тиіс».

2025 жылы кәсіпорын «Даму» Қорының «Өрлеу» бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан айналым қаражатын толықтыру үшін жылдық 12,6% жеңілдетілген мөлшерлемемен қаржыландыру алды. Бұл қадам өндіріс көлемін ұлғайтуға, өнім түрлерін кеңейтуге және компанияның ішкі әрі сыртқы нарықтағы позициясын нығайтуға мүмкіндік берді.

«ПК АГФ Групп» тарихы — табандылықтың, кәсібиліктің және әлемдік стандарттарға сай өнім шығаруға деген ұмтылыстың арқасында табысқа жеткен қазақстандық бизнестің айқын үлгісі.

Мекенжайы: Шымкент қ., Еңбекші ауданы, №264 квартал, «Оңтүстік» АЭА, 280 ғим.

Телефон: +7 (7252) 92 15 31

Сайт: www.agf.kz