menu
Жабу

Кеңес ал!

Арманнан басталған жетістік: ЖШС «FISH DREAM» тарихы

31.10.2025

Табысты кәсіпкер болу үшін тек жақсы идея емес, сонымен қатар еңбекқорлық, нарықты түсіну, заманға сай бейімделу қажет. Осы талаптарға толық сай еңбек еткен кәсіпкерлердің бірі — Лалётка Григорий Владимирович. Оның кәсіпкерлік жолы Саймасай ауылындағы форель шаруашылығын басқарудан басталды. Ал бүгінде ол балық өсіру, өңдеу және импорттау саласында белгілі бизнес иесі. Григорий мырза форель шаруашылығын басқарған жылдары балықты өсіру мен нарыққа шығарудың арасындағы үлкен алшақтықты анық аңғарды. Көптеген кәсіпкерлер сапалы өнім өсіреді, алайда оны дүкендерге, сауда орындарына жеткізудің жолын білмейді.

«Форель шаруашылығында жұмыс істеп жүргенде байқағаным — адамдар балықты жақсы өсіреді, бірақ оны нарыққа шығаруда қиындық көреді. Осыдан кейін балық өңдейтін цех ашу туралы идея келді», – дейді кәсіпкер.

Сол идея нәтижесінде балықты өңдеу бойынша толық өндірістік цикл іске қосылып, «Fish Dream» кәсіпорыны құрылды. Бұл бренд тек форельмен шектелмей, басқа да су жәндіктерін өсіріп, қайта өңдеумен айналысады. Атап айтқанда, кәсіпорын Алматы облысындағы Бартоғай су қоймасында балық өсіріп, табиғи таза әрі экологиялық таза өнім ұсынуда. Уақыт өте келе тұтынушылар тарапынан өнім ассортиментін кеңейту туралы өтініштер көбейе бастады. Осыған байланысты кәсіпорын әртүрлі балықтар мен теңіз өнімдерін шет елдерден импорттауды бастады. Бұл шешім отандық нарықта сұранысқа ие өнім түрлерін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Кәсіпкерлік жұмысын кеңейту үшін қаржылық қолдау қажет болды. Сол кезде Лалётка Григорий Владимирович «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры туралы Банк ЦентрКредит арқылы білген. Жобасын нақтылап, мемлекеттік қолдауға өтініш береді.

Нәтижесінде ол: «Өрлеу» жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы аясында, 12,6% мөлшерлемемен, 540 миллион теңге көлемінде несие алды.

Бұл қаражатқа:

·      Балық өңдеу цехы кеңейтілді

·      Импорттық логистика жолға қойылды

·      Қосымша жұмыс орындары ашылды

·      Қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды

Бастапқыда 3 қызметкермен ғана жұмысын бастаған кәсіпорын бүгінде ондаған қызметкерге тұрақты жұмыс ұсынып отыр.

Григорий Лалётка — заманауи кәсіпкердің жарқын үлгісі. Оның кәсібі:

·      Балық шаруашылығы саласындағы жүйелі көзқарастың нәтижесі

·      Ел нарығына сапалы, табиғи өнім жеткізудің нақты жолы

·      Мемлекеттік қолдаудың арқасында жүзеге асқан табысты жоба 

«FISH DREAM» ЖШС ,

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Қайрат ықшамауданы, 181-ғимарат

Тел: 7 705 130 69 69

Эл. пошта: fishdreamanddrinks@gmail.com