menu
Жабу

Кеңес ал!

«Геона.Kaz» ЖК: есіктен – жиһазға дейінгі жаңа мүмкіндіктерге қадам

03.11.2025

«Геона.Kaz» ЖШС – Қазақстандағы есік пен еден жабындары нарығындағы жетекші компаниялардың бірі. Қазір кәсіпорын жаңа белеске қадам басып, корпустық жиһаз өндіру бағытын іске қосуда.

Өндірістік база заманауи жабдықтармен қамтылған: цифрлық бағдарламамен басқарылатын станоктар, тегістейтін және вакуумдық желілер материалдарды кесуден бастап соңғы әрлеуге дейінгі толық өңдеу циклін қамтамасыз етеді. Мұндай тәсіл өнімнің сапасын арттырып, заманауи талаптарға сай қылады.

Компания жиһаз фасадтарын дайындауға ерекше көңіл бөледі. Арнайы станоктарда фрезерлеуден өткен бөлшектер кейін тегістеу, бояу сіңіру және соңғы әрлеу – бояу немесе пленкамен вакуумдық қаптау кезеңдерінен өтеді. Процестердің жоғары дәлдікпен автоматтандырылуы адам факторын барынша азайтып, өнімды сапалы ете түседі.

2025 жылдың шілде айында компания «Даму» қорының «Өрлеу» жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы аясында «Нұрбанктен» қарыз алды. Сонымен қатар, «Даму» қоры «1-кепілдік қоры» бағдарламасы аясында қосымша кепілдік берді. Бұл қолдау шаралары кәсіпорынға қаржыландыруды барынша тиімді әрі қолжетімді етіп, жабдықтарды жаңартуға және өндірісті кеңейтуге мүмкіндік берді.

Бүгінде компанияда 28 маман жұмыс істейді. Басшылықтың басты мақсаты – өндіріс қуатын арттыру, жиһаз дайындау мерзімдерін қысқарту және цифрлық технологияларды енгізу.

««Даму» қорының қолдауы біздің дамуымыздың басты факторы болды. Осы көмектің арқасында біз жаңа бағытты іске қосып, болашаққа сеніммен қараймыз», – дейді компания өкілдері.

Сауда алаңдарының тиімді орналасуы, кең ассортименті мен сапалы қызмет көрсетуінің арқасында «Геона.Kaz» нарықтағы ірі ойыншылармен тең дәрежеде бәсекелесіп, отбасылық бизнестің дәстүрлерін заманауи технологиялармен ұштастырып келеді.

БҚО, Орал қаласы, Жоғарғы тұйық көшесі, 1/5 үй

+7 705 465 87 59
Instagram: @5zvezd_mebel