menu
Жабу

Кеңес ал!

Берік құрылыс – сенімді болашақ!

06.11.2025

«Семей Құрылыс Материалдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі –

1962 жылы құрылып, сол уақыттан бері өңірдің құрылыс саласына елеулі үлес қосып келе жатқан тұрақты және табысты кәсіпорын. Көпжылдық тарихында кәсіпорын сапа мен сенімділіктің дәстүрін сақтай отырып, заманауи технологияларды енгізіп, Семей қаласының тұрғындарына жаңа жұмыс орындарын ұсынып келеді.

Компанияның негізгі қызмет бағыты — фиброцемент панельдер өндіру. Бұл өнімдер берік, ұзаққа шыдайды және экологиялық қауіпсіз. Өндірістік процесс толықтай заманауи технологиялық стандарттарға сай.

Өндіріс процесі құм ұнтақтаудан басталады, кейін ол сорғы арқылы бассейнге айдалады. Бұдан соң ұнтақталған қағаз целлюлоза ыдысына түседі, онда датчиктер мен турбоараластырғыштардың көмегімен біртекті масса түзіледі. Кейін қоспа шөмішті араластырғышқа бағытталып, вакуумдық жәшіктердің көмегімен ылғал қажетті параметрлерге сәйкес алынып тасталады. Осыдан кейін материал қажетті ұзындық пен ен өлшеміне дейін кесіледі де, автоклавқа жіберіледі. Автоклавтағы температура 250–300 °C аралығында болып, бір автоклавта 900 данаға дейін өнім өндіріледі. Бұл кезеңде материал толық кептіріліп, соңғы өңдеуден өтеді. Соңғы сатыда өнім арнайы кептіру камерасында кебеді, содан кейін дайын фиброцементтік панельдер сапа бақылауынан өтіп, сатылымға шығарылады.

2025 жылы компания «Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына қатысып, 500 млн теңге көлемінде қаржыны жылына 12,6% мөлшерлемемен алды. Сондай-ақ «1-кепілдік қоры» 142 млн теңгеге кепілдік берді. Осы қолдаудың нәтижесінде кәсіпорын қосымша жабдықтар сатып алу арқылы өндіріс ауқымын кеңейтуге мүмкіндік алды.

Бүгінде «Семей Құрылыс Материалдары» ЖШС даму жолын жалғастырып, жаңа инвестициялық жоба – бояу цехын іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл жоба кәсіпорынға заманауи түсті интерьерлік панельдерді өндіруге мүмкіндік беріп, құрылыс нарығындағы сұранысты қанағаттандыратын жоғары сапалы отандық өнім шығаруға жол ашады. 

«Семей Құрылыс Материалдары» ЖШС

+7 707 654 98 78, +7 777 356 78 70

Абай облысы, Семей қ., Западный промузел көшесі, 15

Инстаграмм: @shifer.semey