menu
Жабу

Кеңес ал!

Бастысы — тоқтамау

12.11.2025

2015 жылы Тебериков Жанкелді Жолдасович азық-түлік өнімдерінің көтерме саудасы саласында өз бизнесін бастады. Сол кезде ол жалғыз өзі жұмыс істеп, іске 3 миллион теңге салған болатын. Бәрі шағын қоймадан және шектеулі мүмкіндіктерден басталды, бірақ табандылығы мен өзіне деген сенімінің арқасында кәсіпкер біртіндеп өз ісін дамыта алды. «Байқап көрейін, өзіме дәлелдейін деп шештім – менің де қолымнан келеді» – деп еске алады Жанкелді. Уақыт өте келе ісі алға басты: табыс өсті, қызметкерлер саны бірден үш адамға дейін артты, ал өнімдерді тасымалдау үшін ол бірнеше жүк көлігін сатып алды. Дамудың маңызды кезеңдерінің бірі – үлкен қойманың салынуы болды, бұл өнімдерді үлкен көлемде сақтауға және таратуға мүмкіндік берді. Табыстың маңызды бөлігіне «Даму» қорының қолдауы әсер етті. Кәсіпкер несие бойынша қолдау алып, соның арқасында тасымалдауға арналған жүк көлігін сатып алды. Осыдан кейін қызмет көлемі екі есеге артты, бизнес тұрақты әрі табысты бола түсті. Жанкелді Тебериковтың компаниясы қолжетімді бағаларымен ерекшеленеді. Алдағы уақытта ол бизнесін кеңейтіп, үлкен гипермаркет ашуды жоспарлап отыр. Өз ісінде ол қарапайым, бірақ берік қағида ұстанады – адал және әділ болу. Оның ұстанымы: «Бастысы – тоқтамау, тек алға!»
Жанкелді Тебериковтың табыс тарихы – мақсатқа еңбекпен, сеніммен және қолдаумен жетуге болатынын дәлелдейтін жарқын мысал.

2024 жылы «Моно және шағын қалаларда бизнесті қолдау» мемлекеттік бағдарламасы аясында және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның қолдауымен кәсіпкер жүк автокөлігін сатып алу үшін қаржы алды. Несие мөлшерлемесі жылдық 20,25% құрады, оның 10%-ын кәсіпкердің өзі төлейді, ал 10,25%-ын «Даму» қоры субсидиялайды.

Мекенжайы: Маңғыстау облысы, Маңғыстау-4 ауылы, 621/4 ғимарат
Телефон: +7 701 015 44 44