Кеңес ал!
Зарина Хорева — үш жылдан бері ағаш бұйымдарын дайындаумен айналысып келе жатқан кәсіпкер. Оның компаниясы үй, монша және саяжайға жиһаз бен интерьер элементтерін өндіріп, тұтынушыларды сапалы, функционалды және қолжетімді бағадағы өніммен қамтамасыз етуде. Сонымен қатар өндірістік процестерді оңтайландырып, кәсіптің табысын арттыруды да жолға қойған.
Жоба тұжырымдамасы жиһаз өндірісіне «конструктор» қағидатын енгізуге негізделген. Сатып алушылар дайын стандарт бұйымдарды өз қалауларына сай біріктіріп, қажет болған жағдайда жеке элементтерге тапсырыс беру арқылы өз жиынтықтарын өздері жинай алады. Мұндай тәсіл тапсырыс беру процесін қарапайым әрі жылдам етеді:
Клиент онлайн-конструктор арқылы (сайтта немесе кеңседе) үлгі мен түсін таңдайды.
Дайын бөлшектер жинағын, фурнитурасын және құрастыру нұсқаулығын алады.
Бұл шешім өндіріс шығындарын едәуір азайтуға мүмкіндік береді — өлшеу, жоба дайындау, құрастыру және орнату сияқты кезеңдерді алып тастайды. Сондай-ақ дайын бұйымдар қоймада болған жағдайда тапсырысты орындау мерзімін 7–10 күннен бірнеше сағатқа дейін қысқартады.
Өндірісті кеңейту және заманауи жабдықтарды сатып алу үшін кәсіпкер «Даму» қорына қолдау сұрады. Мемлекеттік бағдарлама аясында кәсіпкер несиесінің пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялай алды.
Қордың қаржылық қолдауының арқасында ағаш өңдеуге арналған жабдықты сатып алуға, шығарылатын өнім көлемін ұлғайтуға және өнім ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік туды.
ЖК ХОРЕВА ЗАРИНА
Басшы: Хорева Зарина Тахировна
Байланыс телефоны: +7 777 252 85 53
Мекенжайы: ШҚО, Өскемен қ., Омская к-сі 2
Instagram: zar_i_stroy