menu
Жабу

Кеңес ал!

Маңғыстаулық Zhamal-ai LTD ЖШС аяқ киім фабрикасы «Sharkey» брендімен өнім шығарады

19.11.2025

Ақтаудағы «Zhamal-ai LTD» аяқ киім фабрикасы мұнай және газ кен орындары, құрылыс алаңдары, әскери қызмет және күнделікті киюге арналған аяқ киім шығарады. 2015 жылдан бастап зауыт «Sharkey» брендімен былғары мокасиндер шығарып келеді. Ыңғайлы, стильді, сапалы болғандықтан, тұтынушылардың үлкен сұранысына ие болды. Компания өнімдерінің басты артықшылығы – табиғи материалдар, жайлылық, және күнделікті киюге ыңғайлылық. Шикізат пен материалдарды Қазақстан, Ресей, Түркия және Италия өндірушілері жеткізеді.

«Zhamal-ai LTD» фабрикасы бүкіл отбасын тек шынайы былғарыдан жасалған аяқ киіммен қамти алады. Бұдан басқа, «Zhamal-ai LTD» фабрикасы медициналық және аспаз формалары, спорттық костюмдер, мектеп формасы, футболкалар, поло, бейсбол қалпақшалары, подшлемниктер, оқшауланған бас киімдер де шығарады. Әрбір өнім бірегей үлгілерге сәйкес және тек табиғи шикізаттан тігіледі. Ыңғайлы киім мен аяқ киім жасау үшін 170 жоғары білікті маман жұмыс істейді. Компанияның үлкен жұмыс тәжірибесі бар және ұзақ уақыт бойы ішкі нарықта өзінің құрметті орнын алды. Фабрика үшін айналым қаражатын кеңейтуге, атап айтқанда толықтыруға арналған жобаны «ForteBank» АҚ «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жылдық 21,75% - бен қолдады, мұнда қарыз алушының түпкілікті мөлшерлемесі 7%-ды, құрайды, ал айырмашылықты мемлекет өтейді. 

Адрес: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 21ш/а,13 ғимарат.

Тел: +7 (7292) 605335

Instagram: zhamal_ai