Кеңес ал!
«Holland Flowers» ЖК негізін қалаушы Түсүпқазина Ақбота Жайыққызының арманы — сұлулық, стиль мен эмоция бір кеңістікте тоғысатын ерекше орын жасау болатын. Осы арманнан шабыт алып, «Holland Flowers» дүкенін ашты. Мұнда тікелей Голландиядан жеткізілетін гүлдер сатылады.
Дүкен ашылған алғашқы күндерден бастап-ақ Семей қаласындағы ең жылдам гүл жеткізу қызметімен танылды. Мұнда жай ғана гүл шоғын жинап бермейді, ұсынушының эмоциясын сәндеп жеткізеді, назар мен жылы ықыласты дәл уақытында, әсем етіп ұсынады. Күн сайын инстаграм стористерінде акциялар, жаңа түскен өнімдер және сыйлық идеялары жарияланып отырады. «Holland Flowers» кеңдігімен таңдай қақтырады. Мұнда: үйге жайлылық сыйлайтын құмырадағы өсімдіктердің мол таңдауы, кішкентайдан бастап өте үлкен көлемге дейінгі жұмсақ ойыншықтар, әртүрлі тақырыптағы декор элементтері мен құттықтау атрибуттары, және соңғы жылдары танымал болған, жастар ерекше жақсы көретін нәзік те дәмді бенто-торттар бар. Сонымен қатар бағалар да қолжетімді. «Holland Flowers»-тен шағын гүл шоқтардан бастап, ең маңызды сәттерге арналған сән-салтанаты келіскен гүл композицияларына дейін табуға болады.
2025 жылы «Өрлеу» жеңілдікпен несие беру бағдарламасы аясында 78,5 млн теңге көлемінде қаржыны 12,6% сыйақы мөлшерлемесімен алса, «1-кепілдік қоры» 24,7 млн теңгеге кепіл болды. Соның арқасында Ақбота Түсүпқазина гүлдермен қатар, кондитерлік өнімдер өндірісін іске қосты.
Осылайша, өз ісіне деген шабытпен және сұлулыққа деген сүйіспеншілігімен «Holland Flowers» ЖК тұрғындардың қарапайым күндерін хош иістерге, тәттілікке және шынайы эмоцияларға толы жарқын сәттерге айналдырып келеді.
+7 776 900 33 39, +7 747 348 35 75
Мекенжайы: Абай облысы, Семей қ., Уәлиханов көшесі, 100/1
Инстаграмм: @holland_flowers_semey