Кеңес ал!
Балық өндірісі – Атырау облысының экономикасын дамытудың басым бағыттарының бірі. Жергілікті балықтан жасалған деликатестер тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шет экспортталады. Бүгінде 20-дан астам кәсіпкер өңірдің екі ірі балық шаруашылығы су айдындары – Каспий теңізіне құйылатын Жайық және Қиғаш өзендерінде ісін жүргізіп отыр. Ауланған балық кемелермен және баржалармен Орал жағалауына, Атырау қаласына жеткізіліп, онда қайта өңделіп, сатуға шығарылады.
Өз қызметін 1995 жылы бастаған «Тілекші» ЖШС саланың жетекші кәсіпорындарының бірі. Бүгінде кәсіпорын мұздатылған және ысталған балықтан бастап қақталған деликатестерге дейін 20-дан астам өнім шығарады. Қалдықсыз өндіріс үшін мал шаруашылығында кеңінен қолданылатын балық ұнын шығару жолға қойылған. Мұндай тәсіл табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және өндірістің экономикалық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Компания отыз жыл ішінде Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында орналасқан жеке цехтары бар шағын балық аулау шаруашылығынан заманауи кәсіпорынға айналды. Маусымға байланысты мұнда 30-ға жуық адам еңбек етеді.
«Тілекші» ЖШС-нің өнімдері Қазақстанның ішкі нарығында ғана емес, одан тыс жерлерде де сұранысқа ие. Жаңа мұздатылған балықты негізінен Ресейдің көтерме сауда компаниялары сатып алады.
Өндірістік қуаттарды кеңейту және жабдықтарды жаңғырту үшін компания «Қазақстан Халық Банкінен» несие алып, «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында жылдық 20,25% мөлшерлеменің 12,25%-ын мемлекет субсидиялайды. Ал қалған 8%-ын кәсіпкер өзі төлейді.
Мемлекеттік қолдаудың және ресурстарды тиімді басқарудың арқасында «Тілекші» ЖШС Атырау облысы экономикасының негізгі бағыттарының бірі ретінде балық саласының ұстанымын нығайта отырып, қарқынды дамуын жалғастыруда.
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Бекейхан ауылы, Сәтпаев көшесі, 50
+7 701 904 83 92
инстаграм: @too tlekshi