menu
Жабу

Кеңес ал!

Жалға алудан жеке өндіріске дейін

25.11.2025

Бизнес әрдайым ауқымды инвестициялардан және дайын инфрақұрылымнан бастала бермейді. Кейде оған табандылық, тәжірибе және мүмкіндіктерді дұрыс пайдалана білу де керек. Дәл осындай жолдан өткен «Эльц» ЖШС негізін қалаушы және директоры Игорь Викторович Осиповтың басшылығымен жалға алған зауыттан өз инфрақұрылымы мен тұрақты өндірісі бар орнықты кәсіпорынға дейін дамыды.
«Эльц» ЖШС 2020 жылы құрылған. Ол кезде 15 адамнан тұратын команда жалға алынған асфальт-бетон зауытында өндірісті іске қосты. Бастапқы инвестициялар 1–5 миллион теңге ғана болды, бірақ негізін қалаушының тәжірибесі қаржылық мүмкіндіктерді толықтырды. Игорь Осиповтың саладағы тәжірибесі 20 жылдан асатын. Оның ішінде «Автомагистраль» ЖШС-де жұмыс істеу де бар.
Дәл осы нарықты және өндірістік үдерістерді терең түсіну жеке өндірісті құруға түрткі болды.

Компанияның негізгі бәсекелік артықшылықтарының бірі — сыйымдылығы 1 500 тонна болатын битум қоймасының болуы. Бұл «Эльц» ЖШС-не баға ауытқуларына тәуелді болмауға, жеткізілімдердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және клиенттерге тиімдірек шарттар ұсынуға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары компания үшін белсенді өсу кезеңі болды. Жылдық айналым 3 есеге артты. Қызметкерлер саны 60%-ға өсіп, 15-тен 25 адамға жетті. Компания дамуының маңызды кезеңі — өзінің асфальт-бетон зауытын сатып алуы, бұл кәсіпорынды жаңа деңгейге шығарды.
Компания қаржыландыру тапшылығы және нарықтағы жоғары бәсекелестік сияқты елеулі қиындықтарды да еңсерді. Бүгінде «Эльц» ЖШС жылына 50 000 тоннадан астам дайын өнім шығарады.

Компания үшін ерекше маңызды кезең — 2025 жыл.
Осы жылы «Эльц» ЖШС «Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында 12,6% мөлшерлемемен қолдау алды.
Маңыздысы — компания алдыңғы жылдары да «Даму» Қорынан пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау және кепілдеме беру түріндегі қолдауды бірнеше рет алған еді. Бұл тұрақты ынтымақтастық «Эльц» ЖШС-не орнықты өсім мен өндірістік қуаттарды кеңейтуге мүмкіндік берді.
2025 жылы алынған қолдау компанияға: өз техникасын сатып алуға, айналым қаражатын толықтыруға, штат кеңейтуге, өнім шығару көлемін ұлғайтуға жағдай жасады.

Мемлекеттік бағдарламалар компанияның өсуін жеделдетуде және тұрақты қаржылық база қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.
Осының арқасында компания қызметкерлер санын арттырып, өнім көлемін көбейтті және маусымдық сыйақылар тағайындады — бұл команда мотивациясының маңызды факторы.

«Эльц» ЖШС жол құрылысына қажетті асфальт-бетон қоспасын өндіреді. Қызығы — жеткізілім географиясы өңір шегінен шығады. «Эльц» ЖШС қоспасын өз зауыты бар Щучинск, Атбасар, Келлеровка секілді қалалар да сатып алады.
Игорь Осипов: «Бүгінде Көкшетауда асфальт-бетон қоспасы нарығы шамадан тыс толған — бұл іспен айналысудың қажеті жоқ» - дейді.
Сабақ болған қателіктердің бірі: «Бастапқыда-ақ өнімділігі жоғары зауыт алу керек еді».
Ал компанияның басты қағидасы қарапайым да нұсқа:
«Біз абырой үшін жұмыс істейміз».

Компания болашақта: зауыт өнімділігін арттыру, өзінің арнайы техникасын сатып алу, маусым басына тиімді бағамен айналым қаражатын қосымша толықтыруды жоспарлап отыр. 

Мекенжайы: Ақмола обл., Көкшетау қ., Ш. Уәлиханов көш., 183
Байланыс телефоны: 8 778 520 26 95
Эл. пошта: tookonkurs@mail.ru