menu
Жабу

Кеңес ал!

Телекоммуникациялық кабель өнімдерін шығаратын Қазақстанның батыс өңіріндегі жалғыз кәсіпорын

24.11.2025

«Континент Ко ЛТД өндірістік-коммерциялық фирмасы» ЖШС – 25 жылдан астам уақыт бойы Батыс Қазақстанның индустриялық дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан көпсалалы кәсіпорын.

Компания жұмысы 1998 жылы кабель өнімдерді көтерме саудалаудан басталды. Біртіндеп кеңейе отырып, өңірдің бірегей өндірістік базасын қалыптастырды. Бүгінде Атырау кабель зауыты – талшықты-оптикалық және құрамында мысы бар телекоммуникациялық кабель өнімдерін шығаратын Қазақстанның батыс өңіріндегі жалғыз кәсіпорын.

АКЗ өнімдері сапалы шикізаттан, заманауи жоғары технологиялық жабдықтарда өндіріледі. Пайдаланылатын технологиялар параметрлерді барынша дәл ұстауға және саланың ең жоғары стандарттарына сәйкес келетін өнім шығаруға мүмкіндік береді. Қазір кәсіпорында 70 білікті маман жұмыс істейді.

Зауыт жылына 36 000 км кабель шығара алатын қуатқа ие. Оның ішінде «Қазақстанда жасалған» брендімен сертификатталған 100-ден астам талшықты-оптикалық өнім түрі бар.

Жергілікті өндірістің талшықты-оптикалық кабелінің негізгі артықшылықтары:

• деректерді берудің жоғары жылдамдығы;

• телехабар тарату үшін сапалы сигнал;

• сенімді және тұрақты телефон байланысы.

Өнімнің негізгі тұтынушылары «Қазақтелеком» АҚ, сондай-ақ Атырау облысының жетекші мұнай-газ, көлік және телекоммуникация компаниялары. Бұл ірі салалық ойыншылардың АКЗ өнімінің сапасына деген сенімін растайды.

«ПКФ Континент Ко ЛТД» ЖШС «Бизнестің жол картасы 2020» және «Қарапайым заттар экономикасы» сияқты мемлекеттік бағдарламалар аясында субсидия және кепілдік алған. Ал 2025 жылы тамызда компания «Даму» қорының «Өрлеу» жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы бойынша «Қазақстан Халық Банкінен» жылына 12,6%-бен несие алды. Бұл өндірістің одан әрі өсуі мен жаңғыруы үшін маңызды еді.

Компанияның басты басымдықтарының бірі – өңірдің кадрлық әлеуетін дамыту. Атырау политехникалық колледжімен және басқа да бірқатар оқу орындарымен жасалған меморандумдар аясында кәсіпорын студенттерді оқытады және түлектерді жұмысқа орналастырады. Бұл білікті мамандардың тұрақты базасын қалыптастырады және өңірлік еңбек нарығын нығайтуға ықпал етеді. 

Мекен жайы: Атырау қаласы, Солтүстік өндіріс аймағы, 52 А

Байланыс телефон: 7 (727) 347 00 98, + 7 (706) 408 26 68

Электрон пошта: @sales@akf.kz