Кеңес ал!
«ЭТАЛОН ЛТД» ЖШС – жоғары сапалы бидай ұнын өндіретін, Қазақстан мен ТМД нарығында 2012 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан танымал әрі беделді кәсіпорын. Бұл – шағын өндірістен басталып, бүгінде ірі заманауи диірмен кешеніне айналған компанияның тарихы. Бүгінгі таңда оның өнімдері ірі өндірушілер арасында да, жеке тұтынушылар арасында да жоғары сұранысқа ие.
Компания алғашқы күннен бастап жергілікті бидайдан сапалы ұн өндіруге бағытталған кәсіпорын ретінде жұмысын бастады. «ЭТАЛОН ЛТД»-нің басты міндеті – қауіпсіздік пен сапаның жоғары стандарттарына сай өнім шығару болды. Жылдар өте өндіріс кеңейіп, жаңа технологиялар енгізіліп, астықты өңдеу процесінің барлық кезеңдерінде бақылау күшейді.
Қазіргі таңда «ЭТАЛОН ЛТД» ЖШС – заманауи жабдықтармен қамтылған, кәсіби мамандардан құралған қуатты мукомольді кешен. Қарағанды қаласында орналасқан өндірістік алаңдардың жалпы өнімділігі тәулігіне 300 тоннадан асады. Кәсіпорында астықты қабылдау, мұқият тазалау, ұнтақтау, зертханалық бақылау және қаптау процестерін қамтитын толық цикл жұмыс істейді.
Компания бірқатар өңірлер мен ТМД елдерінің наубайханалары, кондитерлік фабрикалары, қайта өңдеу кәсіпорындары және дистрибьюторлары кіретін тұрақты клиенттік базасын қалыптастырды. Өнімнің басты ерекшелігі – тұрақты клейковина, жоғары шығым, тамаша нан пісіру қасиеттері және салалық стандарттарға толық сәйкестік.
Кәсіпорын жоғары, бірінші және екінші сортты бидай ұнын, сондай-ақ наубайхана өндірісіне арналған арнайы қоспаларды шығарады. Өндіріс толықтай сертификатталған, ал сапаны бақылау технологиялық процестің әр кезеңінде мұқият жүргізіледі. Компания әсіресе өнім қауіпсіздігіне және қолданылатын шикізаттың экологиялық тазалығына үлкен мән береді.
«ЭТАЛОН ЛТД» алдына биік әрі маңызды мақсат қойып отыр — әрбір қазақстандыққа қолжетімді, экологиялық таза, жоғары сапалы, фортификацияланған бидай ұнын өндіретін және жеткізетін үздік компания болу. Кәсіпорын отандық нарықтағы позициясын нығайтып қана қоймай, экспортты кеңейтіп, қазақстандық ұнды әлемдік деңгейде танымал етуді көздейді.
Кәсіпорынның дамуына айтарлықтай үлес мемлекеттік қолдаудың арқасында қосылды. 2019 жылы кәсіпорын өндірістік қуатын жаңартты, бұл үшін «Даму» қорының қолдауымен пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кепілдік беру арқылы алынған несие пайдаланылды.
2025 жылы кәсіпорын тағы да қолдау алды — «Өрлеу» бағдарламасы бойынша «Банк Центр Кредит» АҚ арқылы, бұл өсіп-өркендеудің және кеңеюдің келесі қадамы болды.
— «Біздің мақсатымыз – тек ұн өндіру емес. Біз қазақстандықтардың өз жерімізде өсірілген таза әрі қауіпсіз өнімді тұтынуын қалаймыз. Біз әрбір отбасының дастарқанындағы нанның сапасы мен қауіпсіздігіне жауап береміз», — дейді компания басшылығы.
Бүгінде «ЭТАЛОН ЛТД» ЖШС – фермерлерді қолдайтын, жергілікті халықты жұмыспен қамтамасыз ететін, елдің азық-түлік қауіпсіздігіне зор үлес қосып отырған мукомольді саланың маңызды қатысушысы. Компания өндірістік қуаттарын ұлғайтып, өз позициясын нығайта отырып, сапа, сенімділік және кәсібилік эталоны болып қала береді.
Мекенжай: Қарағанды, 167-есептік квартал, 2 к1 учаскесі
Телефон: +7 (7212) 43-77-52
Сайт: muka-etalon.kz
Instagram: @muka.etalon