menu
Жабу

Кеңес ал!

«Kasymkhan company» ЖШС: алюмосиликатты микросфера өндірудің инновациялық дамуы

27.11.2025

2017 жылы құрылған «Kasymkhan company» ЖШС-нің негізгі қызметі – қуыс алюмосиликатты микросфераны өндіру, өңдеу және алу, сондай-ақ алюмосиликатты микросфера негізінде дайын өнім шығару болып табылады.

Компания қызметкерлері мен серіктестерінің механикаландырылған өндіру әдістерін жетілдіру, алюмосиликатты микросфераны төгіндіге жіберілмей тұрып тікелей құбырдан алу және оны терең өңдеу саласындағы көпжылдық тәжірибесіне сүйене отырып, бүгінгі күні «Kasymkhan company» ЖШС аталған бағыттар бойынша тиімді және заманауи технологиялық шешімдер ұсына алады.

2025 жылдың ақпан айында «Kasymkhan company» ЖШС «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорына қолдауына жүгінді. Компания мемлекеттік бағдарлама бойынша («Моно және шағын қалаларда, ауылдық жерлерде қолдау») пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау мүмкіндігін алды.

Бүгінгі таңда «Kasymkhan company» ЖШС табысты дамып келе жатқан және алюмосиликатты микросфера негізінде инновациялық, экологиялық таза және энергия үнемдейтін құрылыс материалдарын енгізіп отырған алғашқы компаниялардың бірі болып табылады. Компанияның негізгі стратегиялық бағыты – перспективалы инновациялық жобаларды зерттеу мен енгізу, өндірістік процестерді технологиялық жетілдіру және өндірісті үздіксіз модернизациялау.

«Kasymkhan company» ЖШС

Телефон: 8-700-660-17-64

Мекенжайы: Павлодар обл., Екібастұз қ., Гоголь к., 19А ү.

Сайт: https://kasymkhancompany.all.biz/