Кеңес ал!
Саят Бауыржанұлы Катонқарағай ауданында дүниеге келіп, бала кезінен тауларға қызықты. Алайда оған лайықты жабдық болмағандықтан, ол алғашқы туристік киімдерін анасының тігін машинасымен өзі тіккен. Уақыт өте бұл хобби үлкен қызығушылыққа айналды: Саят пішімдерді зерттеп, оқыту материалдарын қарап, курткалар, рюкзактар және туристік жабдықтарды тігіп тәжірибе жасады.
Кореяда жұмыс істеген жылдары ол кәсіби outdoor-киімнің кең таңдауымен танысып, мұндай технологияларды Қазақстанда да дамытуға болатынын түсінді. Отанға оралғаннан кейін ол мұғалім болып жұмыс істегенімен, бос уақытында тігінмен айналысуды және өз модельдерін жасауды жалғастырды.
Пандемия оның өміріндегі бетбұрыс кезең болды — Саят жұмысынан шығып, толықтай осы ісіне ден қойды. 2022 жылдың басында ол жұбайы Динамен бірге Altay Outwear брендін ресми түрде құруды шешті. Олар инвестициясыз бастады, екі бөлмелі пәтерінде қарапайым тігін машинасымен жұмыс істеді. Мемлекеттік грантқа өтініші мақұлданбағанмен, Ulttyq Ónim көрмесіне қатысу олардың өнімдеріне үлкен қызығушылық бар екенін көрсетті.
Бизнесін кеңейту үшін олар «Даму» қорына жүгініп, Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы аясында жеңілдетілген несие түріндегі қолдау алды. Бұл қаражатқа олар мата, фурнитура және су өткізбейтін киімге арналған сирек кездесетін желімдеу машинасын сатып алды — бұл өндірістегі маңызды құралдардың бірі.
Бүгінде Altay Outwear функционалды әрі сапалы өнімдер шығарып, Salomon және The North Face сияқты әлемдік брендтерге қолжетімді балама болуды мақсат етеді. Саяттың айтуынша, Қазақстанда outdoor-киім нарығы әлі де бос, сондықтан брендтің өсу әлеуеті өте жоғары.
Басшысы: Шаяхметов Саят Бауыржанұлы
Байланыс телефоны: 8 775 401 82 47
Instagram: altay_outwear
Мекенжайы: ШҚО, Өскемен қ., Мызы көшесі 19/1