Кеңес ал!
Қазақ халқының: «Адам ұлтымен емес, ұлтқа сіңірген еңбегімен қадірлі» деген дана сөзі бар. Бұл – шынайы отансүйгіш жандарға арналған. Бүгінгі мақаламыздың кейіпкері – дәл сондай азамат. Арслан Лефти, жүрегі қазақ деп соққан түрік ұлтының перзенті.
Арслан Лефти 1979 жылы Түркия Республикасында дүниеге келді. Жастайынан еңбекқор, білімге құштар, болашағына жауапкершілікпен қарайтын азамат шетелде білім алып, өзін жаңа бағытта сынап көргісі келеді. Сөйтіп, 1996 жылы ол Қазақстанға келеді. Бұл кез – тәуелсіздігін енді алған жас елдің даму мен өркендеу жолын іздеген сәті еді. Арслан дәл осы тарихи кезеңде қазақ жеріне табан тірейді.
Арслан Қазақстанда Атырау қаласындағы университетте жоғары білім алды. Бұл оқу орны оның тек кәсіби дамуына ғана емес, өмірлік тағдырын да түбегейлі өзгертеді. Өйткені дәл осы қалада ол қазақ қызымен шаңырақ көтеріп, өмірін түбегейлі осы елмен байланыстырады.
Қаны түрік болғанымен, Арсланның рухы – нағыз қазақ. Ол қазақ тілін үйреніп қана қоймай, қазақ халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін бойына сіңірді. 30 жылға жуық өмірін Қазақстанда өткізіп, бұл елдің азаматы ретінде өзін мойындатқан. Түркиядан құрлысқа қажет материалдар жеткізіп, сатумен айналысып жүріп, пайданы Қазақстан мемелекетіне түсіру жайын ойлай бастады. Яғни, сол алып келетін материалдарын осы мемелекетте өндіру идеясы пайда бол. Бұл бизнестегі алғашқы тәжірибе болғанымен, ол болашақ үлкен жоспардың бастауы еді. «Қайда жүрсем де, менің жүрегім қазақ елімен бірге соғады. Бұл ел мені қабылдады, өсірді, азамат қылды. Енді мен де елге қызмет еткім келеді», – дейді Арслан мырза.
Нарықты зерттей келе, елде құбырлар өндіруге қажеттілік барын байқайды. Бұл мәселені сырттан тасу арқылы шешіп отыра бермей, өз зауытын ашуды мақсат етті. Міне, дәл осы сәттен бастап Арслан Лефти өміріндегі ең маңызды кезең басталады.
Осылайша, 2015 жылы сәуір айында «Vector Marketing» ЖШС атты пластмасса құбыр өндіретін кәсіпорын жұмысын бастады. Кәсібінің алға басқанын көріп, Арслан мырза кәсіпті ұлғайту керек екендігін түсініп, «Даму» Қорынан 2024 жылы қаржылай қолдау алады. Уақыт өте келе, биыл «Даму» Қорында жылдам әрі оңай түрде несие алуға болатынын біліп, «Халық Банк» арқылы «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 12,6% жеңіл мөлшерлемемен несие алы.
«Vector Marketing» ЖШС алғашқы қдамын небәрі 4 қызметкермен бастаған. Бүгінде бұл кәсіпорында 10- нан астам азамат тұрақты жұмыспен қамтылып, отбасын асырап отыр. Бұдан бөлек қала, аудан, ауылдық жерлерде салынатын құрлыс саласына да орасан зор пайдасын тигізуде. Бұл – экономикалық табыстан бөлек, әлеуметтік жауапкершілік пен ел алдындағы адалдықтың көрінісі.
ЖШС «Vector Marketing»
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Наурызбай көшесі, 1А
Тел: 7 701 566 66 51
Инстаграмм: @Vip__plast