menu
Жабу

Кеңес ал!

Аздан бастап, көпке ұмтылған кәсіпкер

04.12.2025

ZHANDENT стоматологиялық клиникасы 2021 жылдан бері Семей халқына жоғары сапалы және кәсіби стоматологиялық қызмет көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде клиника мыңдаған пациенттің сеніміне ақтап, тұрақты клиенттер жинап, жұрттың разылығын алды.

Клиниканың негізін «Семей Медицина университеті» КеАҚ түлегі Серікқалиев Жандос Серікқалиұлы қалады. Оның студенттік кезеңнен ойға алған мақсаты – әр адамға дені сау, әдемі және әсем күлкі сыйлау болатын. Қазір бұл клиникада Morita рентген аппараты, 25 есеге дейін үлкейтетін Zumax микроскопы және инновациялық Primescan жүйесі сияқты жоғары технологиялық жабдықтар орнатылған. Осының арқасында ZHANDENT талғамы биік клиенттерге арналған заманауи стоматологиялық орталық ретінде танылды. Клиника халық сұранысына сәйкес үздіксіз дамып, тәжірибесін арттыра отырып кеңеюде. Қазір Семей қаласында екі толыққанды филиал жұмыс істейді, ал үшінші филиал жақында ашылады.

Банктен несие аларда «1-кепілдік қоры» аясында «Даму» Қоры берген 25 млн теңге кепілдік компанияның инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін кеңейтуге және жаңа филиалды заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуге маңызды қаржылық қолдау болды.

Бұл инвестиция ZHANDENT клиникасының қызмет сапасын одан әрі арттыруына, өңір тұрғындарына қолжетімді әрі жоғары деңгейдегі стоматологиялық қызмет ұсынуына мүмкіндік берді.

ZHANDENT клиникасының дамуы стратегиялық жоспарлауға, кәсіби мамандар тобының жұмысына және технологиялық инновацияларды енгізу саясатына негізделген. Бұл бағыт алдағы жылдары да тұрақты өсімге, жаңа жобалардың іске асырылуына және өңірлік стоматология саласының сапалы дамуына жол ашады.

+7 702 827 31 06, +7 707 111 48 48

Абай облысы, Семей қ., Ертіс көшесі, 11

Инстаграмм: @zhandent_semey