Кеңес ал!
Елордада күнделікті қарбалас өмір өз арнасымен ағып жатқанымен, осы қаланың тынысына ерекше реңк беріп тұрған адамдар бар. Солардың бірі — мектеп қабырғасынан бастап білімге құштарлықты серік еткен, кейін бұл құштарлықты үлкен игілікке айналдырған жас кәсіпкердің тарихы. Оның еңбегінің жемісі бүгінде балабақшасы «Ақниет» деген атпен танылып отыр.
Мектепті үздік аяқтаған жас түлек арман жетелеп Астанаға келді. Химия мамандығына грантқа түсіп, білімге құлшына кіріскен ол университетті 2014 жылы қызыл дипломмен бітірді. Одан әрі магистратурада оқуын жалғастырып, ғылыми жолға да қадам басты. Дәл осы жылдары ол отбасын құрып, болашақта үлкен істерге жетелейтін өмірлік тәжірибе — аналық жолына түсті.
Бірінен соң бірі жарық дүние есігін ашқан үш бала оның болашақ кәсіпкерлік идеясының қайнар көзіне айналды. Назарбаев мектебінде химия маманы ретінде еңбек етіп жүрген ол үшінші баласы дүниеге келгенде елордадағы шынайы проблеманы айқын сезінді: сапалы, қауіпсіз, сенімді балабақша тапшылығы.
Жүрек түкпіріндегі бір ой күн сайын айқындала түсті: «Егер қалада өз балама лайықты орын таппасам, неге оны өзім жасамаймын?»
Осылайша, аналық қамқорлықтан туған арман кәсіпкерлік мақсатқа айналды.
Алғашқы қадам – үлкен тәуекел, 2020 жылы ол қолындағы барын — небәрі 2,5 миллион теңгені — жинап, 35 балаға арналған шағын балабақша ашуға батыл қадам жасады. Дәл осы уақытта елде карантин жарияланып, жаңа ашылған балабақша тамыз айына дейін жабық қалуға мәжбүр болды. Бірақ тағдырдан түңілмей, табандылық таныту — кәсіпкердің басты қасиеті. Ғимарат иесінің түсіністік танытып, тек коммуналдық төлемдерді өтеуді сұрауы кәсіптің өміршеңдігін сақтап қалды. Карантиннен кейінгі кезең оңай болған жоқ. Әр баланы жинау, әр ата-ананың сеніміне кіру, әр маманды іріктеу — мұның бәрі күнделікті қажырлы еңбекті талап етті. Алайда уақыт өте келе бұл шағын бастама біртіндеп нағыз тұрақты ұйымға айнала бастады.
Өсу жолы – еңбектің жемісі, 2020 жылдың қазан айында Білім басқармасының мемлекеттік тапсырыс конкурсында жеңіске жетіп, балабақша субсидия мен материалдық қолдау алуға мүмкіндік алды. Бұл — сапаның артуына, жаңа топтардың ашылуына, жалақының тұрақтануына жол ашты. Осылайша, бір кестеге тірелген шағын жоба жылдар өте келе айналымы 20 миллион теңгеге дейін жеткен ірі мектепке дейінгі ұйымға айналды.
2025 жылы «Өрлеу» бағдарламасы аясында көп жыл бойы жалға алынған ғимаратты толықтай сатып алу — кәсіптің жаңа белесі болды. Бұл тек материалдық жетістік қана емес, Nanu ЖК балабақшасы алдағы ондаған жылдарға арналған тұрақты әрі сенімді дамуының кепілі.
Өз жұмысын күн сайын жетілдіріп, дамып келе жатқан ұйым үшін бұл қадам кәсіпкерлік сапарын жаңа деңгейге көтерді. Дәл осы даму қарқыны балабақша басшысын «Даму» қорының қолдауына жүгінуге, жеңілдетілген 12.6%- бен несие алу мүмкіндігін пайдалануға жетеледі. Мемлекеттік қолдау кәсіпорынның өсіп-өркендеуіне зор серпін беріп, Nanu ЖК балабақшасының әрі қарай да қарқынды дамуына жол ашқан маңызды кезеңге айналды.
Nanu ЖК балабақшасының қалыптасу тарихы — білімге деген адалдықтың, аналық мейірімнің, табандылық пен еңбектің бірігіп туған шынайы жетістік хикаясы. Бұл — арман қуған жанның өз жолын табуға, қоғамға пайда әкелуге деген ұмтылысының жарқын көрінісі.
Instagram: @aqniet_kids
Телефон: +7 775 389 17 78