Кеңес ал!
Ержан Нұрханов пен жұбайы Гүлнұр Түркменбаева 2022 жылы отбасылық кәсіп бастады. Бұған дейін Ержанның мақта, мата сататын жеке дүкені болған. Дайын текстиль өнімдері, көрпеше мен қыз жасауына сұраныстың жоғары екенін байқаған олар өз өндірісін ашуға бел буды. Бастап кету оңай болмады. Ержан төрт адамды жұмысқа қабылдап, өз қаражатына ғимарат сатып алды. Өндірісті дамыту үшін ол «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы «Даму» қорының қолдауымен кепілдікпен несие алып, проценттік мөлшерлеме субсидияланды. Алынған қаражатқа жабдықтар сатып алынып, өндірісті жолға қоюға мүмкіндік туды. Баға қолжетімді. Әрбір дайын жиынтықтың өз атауы мен өзіндік стилі бар. Әсіресе, дәстүрлі мәні бар оюлары бар құрақ көрпелер ерекше сұранысқа ие. Бірнеше жылдың ішінде бизнес айтарлықтай өсті: табыс көбейді, тұрақты клиенттер пайда болды, ал команда тәжірибелі мамандармен толықты. Дамудың маңызды қадамдарының бірі — 7–8 тігін машинасы мен ою кесетін станок сатып алу болды. Алғашқы кезеңдерде несиені өтеу қиындау болған, қызметкерлердің жалақысын төлеу де ауыр тиді, дегенмен отбасы берілмей, кәсіпті дамытуын жалғастырды. Бүгінде өндіріс түрлі текстиль өнімдерін, көрпеше, жастық, шымылдық, бесік жасауы сияқты бұйымдардың кең ассортиментін шығарады. Өнімдерді маркетплейстерден және Ақтау қаласындағы сатылым нүктесінен сатып алуға болады, ал тапсырыстар бүкіл Қазақстанға жөнелтіледі. «Даму» қорының қолдауы үлкен рөл атқарды: субсидияның арқасында Ержан өндіріс көлемін екі есеге жақсарта алды. Алдағы жоспарлар – үлкен цех ашу, қызметкерлер санын арттыру, мақтаны өңдеуге арналған жабдық сатып алу және кестелеу бағытында жаңа мүмкіндіктер ашу. Ержан бастаушы кәсіпкерлерге әрдайым бір нәрсені айтады: егер ниет пен еңбек етуге дайын болсаң, қорықпай бастау керек.
2022 жылы кәсіпкер бизнесін дамыту мақсатында мемлекеттік «2021–2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында «Банк ЦентрКредит» АҚ қолдауымен жабдық сатып алды. Бағдарламаға сәйкес, кәсіпкер несиені 6% мөлшерлемемен төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.
Мекенжай: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 31А шағын аудан, 7 үй, 9 н/п
Тел: +7 775 323 29 85
Instagram: kausar_kyzzhasau_aktau