Кеңес ал!
«NURTAU Distribution Company» өзінің даму жолын импорттық тауарларды сатудан бастап, ірі өндірісті қолға алуға дейінгі кезеңде өтті. Компанияның тарихы 2016 жылдан басталады. Сол кезде кәсіпорын шетелден тұрмыстық химия және жеке гигиена тауарларын әкеліп, Қазақстан нарығына жеткізумен айналысты.
2018 жылы компания басшылығы өзінің өндірісін ашуға жеткілікті әлеуеті бар екенін түсінді. Бір жыл бойы негізін қалаушы Абай Мырзаев нарықты жан-жақты зерттеп, мүмкіндіктер мен тәуекелдерді саралап, жаңа кезеңге дайындалды.
2019 жылы компания «Даму» Қоры арқылы сұлыдан жасалған шоколадты кәмпиттер мен сағыз өндіретін кондитерлік фабрика салу жобасын ұсынды. Бүгінде фабрика жылына 120–140 тонна кәмпит және 120 тонна сағыз өндіре алады. Өнім Қазақстанның барлық өңірінде сатылып, Ресейге де экспортталады. Бұрынғы импорттық тауарлармен жұмыс тәжірибесі жаңа брендтің нарыққа сенімді шығуына мүмкіндік берді.
2020 жылы нарықты әрі қарай зерттей отырып, компания тұрмыстық химия өндірісін ашуға шешім қабылдады. Жобаның аясында кір жуғыш ұнтақтар, сұйық жуғыш заттар және ыдыс жууға арналған гельдер өндірілетін болды. Бұл үшін банк несиесі алынған және Шымкент қаласының «Тассай» индустриалды аймағында үш қабатты өндірістік ғимарат салынды. Құрылыс 2023 жылы аяқталып, ғимараттың жалпы ауданы 16 000 шаршы метрді құрады.
2023 жылы компания «Ұлттық жобасы» аясында «ForteBank» АҚ арқылы қаржыландыру алды. Ал 2025 жылы «Даму» Қорының «Өрлеу» бағдарламасы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-тен айналым қаражатына жеңілдетілген 12,6% жылдық мөлшерлемемен несиеге рәсімдеді.
Бүгінде «NURTAU Distribution Company» өндірісті кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашып, қызметкерлердің кәсіби дамуына инвестиция салып келеді. Бұл өңірлік экономикаға үлес қосып, компанияның тұрақты әрі бәсекеге қабілетті дамуын қамтамасыз етеді.
Мекенжай: Шымкент қ., «Тассай» тұрғын алабы, «Тассай» индустриалды аймағы, 117/2 ғимараты
Байланыс: +7 777 106 66 62, +7 700 106 66 62
Сайт: www.ndc.kz