Кеңес ал!
Қасым Жаннет Жанатқызы бизнеске педагогикадан келген. Оған қысқа уақыт ішінде ойлау жүйесін түбегейлі өзгертіп, құрылыс әлеміне толық енуге тура келді. Қолға алған ісінің арқасында техникалық құжат, құрылыс терминологиясы, материал құрамы, бөлмелердің дизайны мен қажетті жабдықтар таңдауға тура келді. Жоба сәтті жүзеге асып, нысан пайдалануға берілгенге дейінгі барлық жұмысқа өзі араласты. Себебі Ақмола өңірінде мұндай тәжірибе бұрын болмаған.
Компаниясының «Alan 2023» атауының да мәні зор. «Алан» – барыстың күшігі. Ал барыс – даналық, күш, батылдық пен төзімніңділіктің белгісі. Компания жас болса да, дәл осы қасиеттердің арқасында ауқымды жобаны қолға алып, оны сәтті аяқтай алды.
Бастапқы капитал – 100 миллион теңге. Алайда одан да құнды ресурс – адам капиталы болды: бастамашыл әрі креативті мамандар командаға қосылды. Бастапқыда компанияда бар болғаны үш адам жұмыс істеген, ал бүгінде шамамен жиырма қызметкер бар. Жоба барысында команда тек сан жағынан емес, біліктілік тұрғысынан да өсті.
Қиындықтар да аз болмады: қаржы тапшылығы, қаражатты дұрыс бөлмеу, уақыттың жетіспеушілігі, тәжірибенің жоқтығы, кадр мәселелері мен кейбір мердігерлердің дұрыс таңдалмауы. Алайда әрбір қиындық – сабақ болды, әр сабақ – жаңа қадам.
Бүгінгі ең маңызды жетістік – Жоғары көпсалалы азаматтық қорғау колледжінің 436 студентіне арналған жаңа жатақхананы салып, оны толық жабдықтау. Бұл жатақхана студенттерге жайлы және заманауи тұрмыс пен оқу жағдайын қамтамасыз етеді.
Жобаның жүзеге асуына «Даму» қорының қолдауы үлкен рөл атқарды. 2023 жылы компания Ұлттық жоба аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бағдарламасы бойынша қолдауға ие болды, бұл құрылыс жұмыстарын тұрақты жүргізуге және шығындарды жабуға мүмкіндік берді. 2025 жылы «Өрлеу» бағдарламасы аясында 12,6% мөлшерлемемен қайта қаржыландыру жасалды. Осы қолдаудың арқасында жоба табысты аяқталып, студенттер сапалы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Қазіргі таңда компания құрылыс саласындағы жаңа жобаларды қарастыруда: спорт манежін жаңарту, колледждің оқу корпустарын қайта жоспарлау және кеңейту, сондай-ақ басқа инфрақұрылымдық бастамалар. Алғашқы ірі жобаны іске асыру барысында жиналған тәжірибе болашақ даму үшін мықты негіз болды.
+7 702 999 01 45
Instagram: @mcdc_kz