Кеңес ал!
Үлкен брендтердің тарихы көбіне кішкентай қадамдардан басталады. Мейрамбек Қойшыбаев үшін бұл жол балалық шақтағы пайдалы болу, өз бетінше еңбек ету және бірдеңе жасауға деген қарапайым ниеттен басталды. Дәл осы ниет кейіннен ALANI бренді дүниеге келуіне себеп болды.
Бүгінде Мейрамбек Қойшыбаев — Батыс Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан жас кәсіпкерлердің бірі, ALANI бренді мен «Стимул+» ЖК-нің негізін қалаушы. Оның жұмсақ, хош иісті бисквиттері оралдықтарға әлдеқашан танымал болып, қазір Актөбе, Атырау, Ақтау және Алматы қалаларындағы ірі сауда желілерінде де сатылуда.
Кәсіпкерлік жолы 2016 жылдан басталды. Мектеп және студенттік жылдары ол Орал қаласының базарында жүк түсіруші болып еңбек етті. Ал алғашқы тапқан қаржысына балаларға арналған аттракцион-машинка сатып алып, өз бизнесін бастады.
Кейіннен таныс технолог оған бисквит пісіруді ұсынып көрді. Мейрамбек ойланбастан алғашқы жинаған қаражатын пештер алуға жұмсады. Бастапқыда сатылым ауыр өтті. Бірақ ол берілмеді — рецептіні жақсарып, сапаны көтеріп, қайтадан сатуды бастады.
Шағын жалдамалы ғимарат, қарындасымен бірге түн ортасына дейін жұмыс істеу — дәл сол жерде ALANI бренді қалыптаса бастады. Уақыт өте келе орталық базардағы тәтті сататын 33 нүктенің барлығы оның өнімін тұтынатын болды.
Сұраныс артты, өндіріс кеңейді, жабдық көбейді. ALANI бисквиттері «Алтындар», «Дина», «Анвар» желілерінде және еліміздің ірі қалаларындағы супермаркеттерде сатылымға шықты.
Мейрамбек әрқашан өндірістегі тазалық пен табиғи құрамға ерекше көңіл бөлді — бұл брендтің басты қағидатына айналды.
Өсуді жалғастыру үшін кәсіпкерге цехты кеңейту және жабдықты жаңарту қажет болды. 2024 жылы ол «Даму» Қорының «Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы 2021–2025» бағдарламасы арқылы қолдау алды. Қордың кепілдігі мен 6%-ға дейін субсидияланған несие өндірістік қуатты арттыруға мүмкіндік берді. Кейін «Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша 12,6% мөлшерлемемен Мейрамбек Қойшыбаев өз арманы — жаңа заманауи өндіріс орнының құрылысын жүзеге асырды.
Жаңа цех пен қойма ғимараттары өндіріс көлемін ұлғайтып, сапаны арттыруға және логистиканы оңтайландыруға мүмкіндік берді. Бұл ALANI брендінің нарықтағы позициясын күшейткен маңызды кезең болды.
Бүгінде Мейрамбек Қойшыбаевтың компаниясында 30-дан астам адам жұмыс істейді. Ал кәсіпкер өнім түрлерін көбейтіп, брендтің ұлттық сауда желілеріндегі үлесін кеңейтуді жоспарлап отыр.
Мейрамбек Қойшыбаевтың тарихы — еңбекқорлық, табандылық және мемлекеттік қолдаудың арқасында табысты бизнес құрып, жас кәсіпкерлерге шабыт берудің жарқын үлгісі.
«Даму» Қоры да алдағы уақытта болашағын батыл құрған азаматтарды қолдауды жалғастырады.
Мекенжай: БҚО, Орал қ., Верхний тупик көшесі 15/1
Телефон: +7 747 401 07 59
Instagram: @alani_biscuits