menu
Жабу

Кеңес ал!

Күнбағыс майы трейдингі және оның экспорттық әлеуеті!

12.12.2025

"AmirTradeCompany" ЖШС 2021 жылы құрылған, оның құрылтайшысы және директоры – Примкулов Адлет Муратбекұлы. Компанияның негізгі қызметі – күнбағыс майын трейдингтеу. Бүгінгі таңда орташа айлық жөнелту көлемі шамамен 5 тонна.

Компанияның техникалық спецификацияға сәйкес параметрлерге жеткізу үшін майларды араластыратын өз өндірістік цехы бар, ол еркін экономикалық аймақ аумағында орналасқан. Мұндай орналасу өндірістің тиімділігін арттыруға, тапсырыстарды жедел орындауға және халықаралық нарықтарға экспортты кеңейтуге мүмкіндік береді.

Майларды араластыру процесі бірнеше кезеңнен тұрады, олардың әрқайсысы қоспаның сапасы мен біртектілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ майлардың қасиеттерін сақтауға бағытталған.

Технологияның артықшылықтары:

Өндірістің икемділігі: кез келген өсімдік майларын араластыру мүмкіндігі.

Уақыт пен ресурстарды үнемдеу: процестердің автоматтандырылуы.

Өнімнің жоғары сапасы: біртекті құрылым және тұрақты физика-химиялық қасиеттер.

Энерго тиімділігі: жылулық процестердің оңтайландырылуы.

Әмбебаптылық: әртүрлі рецептуралар мен өндіріс көлемдеріне бейімделу.

Гарантиялық қор–1 аясында алынған 1,6 млрд теңге көлеміндегі кепілдік айтарлықтай қаржылық қолдау көрсетті, бұл айналым қаражатын толықтыру арқылы май өндіру саласындағы қызметті кеңейтуге мүмкіндік берді.

Компанияның экспорт географиясы бүгінде Қытай, Өзбекстан және Тәжікстан сияқты негізгі бағыттарды қамтиды. Жеткізілімдер тұрақты түрде жүзеге асырылады, бұл шетелдік серіктестердің жоғары сенімін және компания өнімдеріне деген тұрақты сұранысты көрсетеді.

 

«AmirTradeCompany» ЖШС

Байланыс телефоны: +7 776 690 52 89, +7 708 618 21 51

Мекенжайы: Абай облысы, Семей қ., Абай к-сі 99В

Инстаграмм/сайт: жоқ

Электрондық пошта: AmirTradeCompany@mail.com