menu
Жабу

Кеңес ал!

«ЖК Досболов- арманнан басталған даңғыл жол

15.12.2025

Досболов Жасұланның жиһазға деген сүйіспеншілігі бала кезінен басталған. Ол жиһаз цехының жанында өсті. Өндіріс процесі, станоктардың үні және ағаш үгінділерінің иісі оның бала қиялын ерекше қызықтыратын. Басқалар үшін бұл қарапайым жұмыс болса, Жасұлан үшін болашақ арманның бастауы болды.

Мектеп оқушысы кезінде жазғы демалыстарда ол цехта қосымша тазалық жұмыстарын атқарып, үгінділерді шығарып, шеберлердің еңбегін бақылап жұмыс істеді. Сол жылдары қарапайым материалдардан дайын жиһаздың қалай жасалатынын өз көзімен көріп, бұл әсер оның жүрегінде мәңгі сақталды.

Әскерден оралғаннан кейін, Жасұлан өмірлік жолын таңдарда ол базарда жиһаз бен сантехника сатумен айналыса бастады. Уақыт өте келе жиһазға деген сұраныстың жоғары екенін байқап, бала күнгі арманын қайта еске алды.

Ол жиһаз өндірісінің технологиясын, жабдықтарды, материалдарды және станоктармен жұмыс істеу ерекшеліктерін тереңінен зерттеп, жиған білімі мен тәжірибесінің арқасында 2020 жылы жұмсақ жиһаз, диван және орындықтар шығаратын жеке өндірістік цех ашты.

Бизнесті дамыту барысында заманауи әрі сапалы жабдықтарға қажеттілік туындады. 2024 жылы «Досболов» ЖК «Банк ЦентрКредиттен» қарыз алды. «Даму» қорының қолдауының арқасында несие жүктемесі төмендеп, жоғары сапалы жабдықтар сатып алуға мүмкіндік туды.

Бүгінде «Досболов» ЖК табысты дамып келеді: өндіріс көлемі артып, өнім сапасы жоғарылап, тұтынушылардың сенімі нығаюда. Досболов Жасуланның табыс тарихы — бала күнгі арманды табандылықпен, тынымсыз еңбектің және мемлекеттік қолдаудың арқасында жүзеге асыр удың айқын үлгісі.

Қызылорда қаласы, Скатков көшесі 98, 32

тел: 8 (776) 183-20-16

инстаграм: @zhaily_ui_kzo