Кеңес ал!
«Solar Power» ЖК-ні Бауыржан Нұрланұлы Рүстемов 2020 жылы тіркеген. Жеке кәсіп ашқанға дейін Бауыржан Рүстемов бірнеше жыл бойы ірі мұнай компаниясында электрик болып жұмыс істеп, электртарату өнімдері мен трансформаторлық қосалқы станциялар өндірісі саласында құнды тәжірибе жинады. Саладағы жұмысы оған технологиялық процестерді терең меңгеруге және нарықтың нақты қажеттіліктерін түсінуге мүмкіндік берді.
Кәсіби білім мен тәжірибе жинаған соң ол өндіріс ашу туралы шешім қабылдады. Жинаған қаражатына қажет жабдықтар — токарь станоктары, металл кесу және фрезерлеу станоктары, сондай-ақ дәнекерлеу жабдықтарын сатып алды. Бұл – өндірісті іске қосудың басы болатын.
Бизнесті одан әрі дамыту және қуатын кеңейту мақсатында Бауыржан Рүстемов «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Жамбыл филиалына жүгінді. Консультация алып, қолда бар мемлекеттік қаржыландыру бағдарламалары туралы толық ақпаратқа қанған кәсіпкер қажетті құжаттарын жинаап, «Банк ЦентрКредит» АҚ-на несие алуға өтінім берді.
Өтінімді қараған банк жобаны қаржыландыруды ұйғарып, «Даму» қорының «Өрлеу» бағдарламасы аясында жеңіл несие берді. Қаражатты кәсіпкер материалдық-техникалық базаны нығайтуға, өндірістің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге және бизнестің әрі қарай өсуіне жағдай жасауға жұмсады.
Бүгінде «Solar Power» ЖК — кәсіби тәжірибе, мақсаткерлік және мемлекеттік қолдау өңірде отандық өндіріс пен кәсіпкерліктің дамуына қалай ықпал ететінінің дәлеліндей болып, жұмысын жалғастырып келеді.
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Исатай көшесі, 2 А
Телефон: +7 775 322 69 82