menu
Жабу

Кеңес ал!

«Master Group TN — жауапкершілік нәтижесі болған сапа»

18.12.2025

Нұржан Алтынбекұлы — көпбалалы отбасынан шыққан, жалғызбасты анасына көмектесу үшін жастайынан еңбекке ерте араласып, қосымша жұмыс істеп үйренген жан.

Мектеп бітіре салысымен бірден жиһаз цехына шәкірт болды. Бұл – оның алғашқы ресми жұмысы болатын. Осы цехтан мол тәжірибе жинап, жиһаз өндіруде білікті маманға айналды. Бұл саладағы сұраныстың жоғары екенін көре келе өзі жеке кәсіп ашу туралы шешім қабылдады.

2021 жылдың жазында «Master Group TN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылды. Компанияның жалғыз құрылтайшысы әрі басшысы — Тлегенов Нұржан Алтынбекұлы.

Нұржан бизнесті бір ғана бұрауышпен бастады. Алғашқы тапсырыстары жақын адамдары — достары мен туыстарынан түсті. Сенім білдіргені үшін әлі күнге дейін оларға алғысы зор. Тапсырыстардың алдын ала төлемі материалдар мен логистика шығындарын жабуға жұмсалатын. Ал дайын өнім тапсырыс берушіге тапсырылғаннан кейін ғана Нұржан еңбегінің ақысын алады. Ол үшін басты марапат — тек қаржылай табыс қана емес, сонымен қатар разы болған клиенттер еді.

«Master Group TN» компаниясы жиһазға арналған жартылай фабрикаттар мен дайындамалар өндіретін көптеген кәсіпорындардан ерекшелігі – тәуелсіз өндірісінде. Кәсіпорын тапсырысты бастан аяқ өзі орындайтын циклға ие.

Компанияның бірегей де дара өнім шығаруына цифрлық бағдарламамен басқарылатын (CNC / ЧПУ) станоктар көмектеседі. Ол өнім сапасын едәуір арттырады.

Кәсіпорынын одан әрі дамыту үшін Нұржанға қосымша жабдықтар мен арнайы техникалар сатып алу қажет болғанда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен «Қазақстан Халық Банкінен» 12,6%-бен «Өрлеу» бағдарламасы аясында жеңіл несие алды. Сондай-ақ «1-кепілдік қоры» бағдарламасы аясында Қор несие сомасының 49%-ына кепілдік те берді.

Қазір кәсіпорын тұрақты дамып, Ұлытау өңірінің жиһаз өндірісі саласында қызмет ететін кәсіпкерлерінің көшін бастап келеді. Алайда Нұржан осы жетістіктерімен шектеліп қалмақ емес. Алда өзі салған жеке өндірістік ғимаратқа көшу, өнім көлемі мен сапасын арттыруға мүмкіндік беретін жоғары өнімді жабдықтарды сатып алу, сондай-ақ өндірілетін және жеткізілетін жиһазды еліміздің басқа өңірлеріне шығаруды да жоспарлап қойған.

Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Плеханов көшесі, 1

Instagram: @mebel_zhezkazgana

Youtube: @Moyo delo

+7 705 875 1344