menu
Жабу

Кеңес ал!

«Үйге жылу, елге пайда»

28.01.2026

Жұмабаев Азамат — Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының тумасы. Ол ұзақ уақыт бойы жеке компанияда жалдамалы қызметкер болып еңбек етті. Алайда денсаулық жағдайы өмірлік жоспарын қайта қарауға себеп болды. Осыдан кейін Азамат жалдамалы жұмыстан кетіп, өзіне шын мәнінде ұнайтын іспен айналысуға шешім қабылдады.

Азамат жиһаз өндірісіне әрдайым қызығушылық танытқан. Үйдің көркін келтіретін функционалды әрі эстетикалық бұйымдарды жасау үдерісі оған ерекше шабыт сыйлайтын. Осылайша жеке қызығушылығы мен кәсіби тәжірибесінің негізінде корпус жиһаздарын өндіруге маманданған ДК «Азамат» компаниясы құрылды.

Кәсіпорын алғашқы күндерінен бастап-ақ қарқынды дамып, сұранысқа ие бола бастады. Өнім сапасының жоғары болуы, әр тапсырысқа жеке көзқарас және өңірдегі жиһаз өнімдеріне деген сұраныстың артуы табыстың басты негізіне айналды. Клиенттер саны тұрақты түрде өсіп, Азамат өндірістің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және тапсырыстар көлемінің артуына байланысты айналым қаражатын ұлғайту туралы шешім қабылдады.

Осы кезеңде бизнестің дамуына мемлекеттік қолдау маңызды рөл атқарды. 2024 жылы Азамат «Банк Центр Кредит» АҚ арқылы қаржылай қолдауға жүгінді. «Даму» қорының қатысуының арқасында несие жүктемесі едәуір төмендетіліп, айналым қаражатын толықтыру үшін кепілзаттың жетіспеушілігі бойынша кепілдік ұсынылды. Бұл өз кезегінде қажетті материалдарды сатып алуға, өндірістік қуатты кеңейтуге және кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Бүгінде ДК «Азамат» — тұрақты дамып келе жатқан кәсіпорын. Компания жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып, Жаңақорған ауданының экономикалық дамуына өз үлесін қосуда. Жұмабаев Азаматтың табыс жолы мемлекеттік қолдау, өз күшіне деген сенім және тынымсыз еңбек Қазақстандағы табысты кәсіпкерліктің басты кепілі екенін дәлелдейді.

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, Раушан көшесі, 24-үй
Телефон: +7 701 897 97 27
Instagram: @zhanakorgan.mebel