Алматыда мемлекеттің қолдауымен жаңа сауда орталығы ашылды

Жаңалықтар
16.03.2020

Қазақстанда құрылыс саласы мен жылжымайтын мүлік нарығының қарқынды дамуы құрылыс материалдарына сұраныстың артуына ықпал етті. Нәтижесінде ұсақ павильондардан гипермаркеттерге дейінгі жаңа сауда нүктелерінің пайда болуына түркі болды. Жыл сайын құрылыс материалдары нарығы ұлғайып келеді. Алматының шетіндегі шағын аудандардың бірінде де AISULTAN атты жаңа сауда құрылыс кешені ашылды.

IMG_20200313_151139.jpg

Даулетбек Абылұлы жеке кәсіпкер ретінде 2018 жылы тіркелген. Негізінен бөлшек сауда саласында нәпақасын тауып жүрді. 2019 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын естіген соң, жеңіл несие алып, көкейінде көптен бері жүрген ойын жүзеге асыруға бел буды.

IMG_20200313_151239.jpg

Кәсіпкердің жобасын «ForteBank» АҚ 6 пайыздық несиемен қаржыландырды. Бұл қаражатқа кәсіпкер құрылыс материалдарын сатып алып, салынып жатқан сауда кешенінің ішін әрледі.

Қазір сауда орталығы сауда алаңдарын жалға беруге дайын.

 

Мекенжайы: Алматы қ., Думан ш. а., Ақмешіт көш., 40 Б үй

Байланыс: +7 (701) 384 00 12

Пошта: n.gaziz_1994@mail.ru