COVID-19 коронавирусының таралуы себепті Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында кәсіпкерлікті және отандық өндірісті қолдаудың дағдарысқа қарсы шаралары мақұлданды.
Қабылданған шаралар аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің микро, шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытуға айтарлықтай әсер ететін «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» бағдарламасын бекіту туралы қаулысына өзгерістер енеді.
«БЖК-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламаларын үздіксіз іске асыру үшін, олардан оң әлеуметтік-экономикалық нәтиже алу үшін мөлшерлемелерді біріздендіру және несиелеу бағдарламалары бойынша қызмет түрлерін кеңейту қажет. Бұл - мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалана отырып несиелеуді 1 трлн. теңгеге жеткізуге мүмкіндік береді.
Жоспарда:
1. кепілдік жетіспейтін бөлігіне кепілдеме бере отырып, несие сомасын ұлғайту;
2. салалық шектеуді алып тастау;
3. мемлекеттік бағдарламаларға МҚҰ секілді жаңа қатысушыларды қосу;
4. мемлекеттік қолдау түрлерінің жаңа құралдарын қосу (МҚҰ субсидиялау, лизинг компниялардың боорышкерлеріне кепілдік беру, факторинг пен банктік операциялар, банк кепілдіктері тарапына да кепілдік ұсыну т.б.)
Сондай-ақ, базалық мөлшерлеменің өзгеруі несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне әсер етті. Осыған байланысты кәсіпкер үшін мөлшерлемені 6% деңгейінде бірыңғайлау шарасы қабылдануда.
Мемлекеттік бағдарлама құралдарындағы жоспарланған өзгерістер келесі инфографикада көрсетілген: