«Рахметов Самат Талғатұлы» ЖК Ақмола облысы Щучинск қаласында тіркелген. Кәсіпкерлікпен алғаш айналысқан 2016 жылдары азық-түлік пен тұрмыстық химия сататын дүкендер ашқан болатын.
Бұл бизнесте тауар сатып алып, жеткізу шаруасы автомобильсіз шешілмейтіндіктен, Самат өз бизнесін басқа қырынан дамытып, сауда өкілі арқылы тауар жеткізу ісімен де айналыспақ болды. Самат үшін қосымша жаңа бағыт - жүк тасымалы болды.
Ол алдымен жинаған қаражатына тіркемесі бар жүк тартқыш көлік сатып алды. 2016 жылғы желтоқсанда «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы 9,4 млн теңге несие рәсімдеп, Самат тағы бір жүк тартқыш көлік пен азық-түлік өнімдерін, атап айтқанда мұздатылған ет, сусындар, сүт өнімдері, көкөністер мен жемістерді тасымалдайтын рефрижератор сатып алды. Қазақстан мен ТМД елдеріне жүк тасуды осы фураның арқасында жүзеге асырды. Бұл кезде Самат азық-түлік, тұрмыстық химия сату мен жеткізу бизнесін де қатар алып жүрді.
Қазір Саматта клиенттердің жүгін Қазақстан бойынша және одан тыс жерлерге тасымалдап бере алатын жүк көліктері бар.
Жүк тасу ісінде де қажетті тәжірибе жинап, әрі тапсырыс беретін тұрақты клиенттері пайда болған соң кәсіпкер 2019 жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы автопаркті кеңейтіп, қосымша пайда табу үшін 28 000 000 теңге несиені 60 айға рәсімдеді. 2019 жылдың желтоқсанында 14,25%-дық несиенің 50%-ын «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Даму» қоры субсидиялады.
Мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Путейская 56.
Телефон: 87027709787.