menu
Жабу

Павлодар облысы Железин ауданының кәсіпкері мемлекеттің қолдауымен отбасылық бизнесін дамытып отыр

Жаңалықтар
16.04.2020

Ольховикова Ольга Сергеевна 2013 жылдан бері бизнесте. Өзі туған Железинка ауылына облыс орталығындағы жағдайды жасауға тырысып жүрген кәсіпкер. Осылайша Железинка ауылында азық-түлік және құрылыс материалдарын сататын шағын маркет пайда болды. Ольга Сергеевнаның айтуынша, аудан халқы қалаға жиі барып, супермаркете сауда жасауды ұнатады. Бұл өте ыңғайлы. Өйткені сатып алушы кезектегі жұртты бөгемей, әр тауарды зерттеп, танысып, бағаларын салыстыра отырып, таңдап ала алады.

Кәсіпкер «ЦентрКредит Банк» АҚ арқылы 15 млн теңге несиені «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша алды. Қаражат тауар және жабдықтар сатып алуға жұмсалды. Несиенің мөлшерлемесі 13,5% құрады. Оның 6,75%-ын мемлекет субсидиялады. Айырмасын кәсіпкер төлейді.

2019 жылдың соңында Ольга Сергеевна мен жұбайы Коваль Александр Дмитриевич «Темирлан-Агро ПВ» компаниясын ашты. «Темірлан-Агро ПВ» ЖШС картоп, сәбіз өсірумен айналысады. 2020 жылдың басында кәсіпкер тағы да «Центр Кредит Банкке» өтінім берді. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша трактор сатып алуға 8 млн.теңгеден астам несие мақұлданды. 14,25%-дық мөлшерлеменің 7,1%-ын мемлекет субсидияды. Кәсіпкер айырмасын төлейді. «Даму» Қоры кепілдік берді.

Тракторды қар тазалау, қоқыс шығару қызметінде пайдаланады. Кейін жер өңдеуде де таптырмайтын техника.

«Біздің дүкенімізді де, көкөніс өсіруді мақсат еткен екінші жобамызды да мемлекеттік бағдарламаның арқасында жүзеге асырдық. Бұрын әкімдік жанындағы Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімін күтетінбіз. Енді оның қажеті жоқ. Қазір «Даму» қоры кепілдік беру бойынша шешімді бес жұмыс күні ішінде қабылдайды», - дейді Ольга Сергеевна.