info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

VOKA брендінің сапалы тұрмыстық және авто химиясы

Жаңалықтар
17.04.2020

«ПрофХим» компаниясы 2015 жылы құрылды. Бүгінгі күні компания ең ірі отандық тұрмыстық және авто химия өндірушілерінің бірі саналады. Сонымен қатар, компания еуропалық химиялық шикізат пен химреактивтерді сатумен де айналысады.

prof_him_almaty_20200413_3.png 

«ПрофХим» компаниясы қазір тұрмыстық, авто және кәсіби химия өнімдерінің 85 түрін шығарады. Өнімдері Қазақстан нарығында «VoKa» сауда белгісімен ұсынылған. Өнім сапасы ҚР СТ белгіленген барлық қауіпсіздік(сапа) талаптарына сәйкес келеді және сәйкестік сертификаты бар.

prof_him_almaty_20200413_1.png 

2019 жылы компания қызмет аясын кеңейту мақсатында «АТФ Банк» АҚ арқылы несие алды. Даму қоры «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында несиенің пайызын субсидиялап, банк алдындағы кепілзат жетпеген тұсына кепілдік беріп қолдау көрсетті. Қарыз қаражатын компания жуғыш құралдар мен сабын өндіру үшін айналым қаражатын толықтыруға жұмсады.

 

Компанияның мекен-жайы: Алматы қ., Сүйінбай д 284.
E-mail: info@profhim.kz
Сайт: www.profhim.kz
Инстраграм @prof_him_almaty