Ұзақ жылдар бойы білім саласында қызмет етіп келген Роза Кайранова өз бизнесін ашуға бел буып, өз қаражатына Ресейлік «Бэби - клуб» компаниясының ақпараттық технологиялар жағдайында балаларды дамыту орталығының франшизасын сатып алды. Қазір Атырау облысы бойынша 2 «Бэби – клуб» жұмысын істеп жатыр. Роза Қайранова алғашқы лицензиясын 2010 жылы желтоқсан айында алса, екінші лицензиясын 2012 жылы ақпан айында алды.
Роза Кайранова жобаны іске қосу барысында «Даму» Қорының көмегі зор болғанын айтады. Өз бизнесін кеңейту мақсатында 2015 жылдың шілде айында «Бизнестің жол картасы 2020» Бірыңғай бағдарламасына қатыстып, нәтижесінде «Сбербанк» арқылы 14 млн.тенге көлемінде жеңілдікті несие алды. Жылдық пайызы 14% алынған несиенің 7% «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы мемлекет субсидиялады. Ол қаржыға «Бэби–сад» балабақшасын ашып, құрал – жабдықтар алып, ғимараттың жөндеу жұмыстарын жүргізіп алды.
«Бэби–клуб» қызметі бұл 8 айдан 6 жасқа дейінгі балардың жетілуіне ықпалын тигізу болып табылады. Қазіргі таңда бұл жерде кішкене балаларды арнайы әдіспен дамыту қызметі түрлерін ұсынатын білікті мамандар қызмет атқарады. Сонымен қатар олардың арасында әр түрлі ойындар, спорттық жарыстар ұйымдастырылып, жан – жануарлар көрмесіне, театрларға да сапар өтіп тұрады. Ата– аналармен бірлесіп жаңа жыл, наурыз секілді мерекелер де атап өткізіледі. Болашақта йога немес т.б. мастер класс түрлерін енгізу де жоспарланып отыр.
Аталған жетістіктерімен шектеліп қана қоймай Роза Кайранова 2015 жылдың маусым айында, астраномия, экономика т.б 12 пәннен білім беретін «ORANGE SCHOOL» балалар мектебін де ашты.
Мұнымен қатар, ата–аналарға баланы тәрбиелуге, ерте жастан бала қабілетін анықтауға үйрететін «Рожденне с характером» атты шеберлік сабақтарын да өткізіп тұрады. Ата–аналарға мектеп кітапханасынан тегін әдебиеттер ұсынылады.
8 айдан 7 жасқа дейінгі бүлдіршіндерге ағылшын тілін үйретуге бағытталған «Бэби» ашық бағдарламалары, 2,5 жастан 7 жасқа дейінгі дарынды балаларға «Көркем сурет» ашық бағдарламалары қарастырылған. Сонымен қатар жағдайлары төмен отбасыларға да жеңілдіктер бар. Жыл басынан бері «М. Монтесорри» әдісінің толықтай оқыту нұсқасы да қолданылуда.
2015 жылы Роза Кайранова «Жыл кәсіпкері – 2015 » байқауында «Мектепке дейін білім беру» номинациясында үздік атанды