info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Baby Sun» балаларды дамыту орталығы

Жаңалықтар
28.04.2020

«Baby Sun» дамыту орталығы 2016 жылы құрылған. Бұл бизнес идеяға Петропавлдық Ксения Яушеваның қызы бір жасқа толуы түркі болған. «Біз балаларымызды барлық үйірмеге қатыстырып, қосымша білім алғанын қалаймыз. Әр ата-ана баласы тек сапалы білім алып, дұрыс бағытта дамыса дейді».

image-14-04-20-10-35-2.jpeg

Қызының болашағына алаңдаған Ксения мен жұбайы дәл ойындағыдай дамыту орталығын өздері ашуға бел буады. Алдымен ғимарат жалдады. Алғашқы екі аптада тек бір ғана бала келіп жүрді. Бірақ бұған бола олар еңсе түсірмеді. Себебі алда оқу жылы күтіп тұрды.

image-14-04-20-10-35.jpeg

Сапалы қызмет, әр балаға жеке көңіл бөлудің арқасында уақыт өте келе орталық балаға толып, тіпті сыймауға айналды. Тағы бір бөлмені жалға алуға тура келді. Бұл бизнеске қаржылық ауыртпалық түсіретіні айқын. Осы кезде олар жекеменшік ғимарат сатып алу жайлы ойлана бастады. Яғни, ақша төлесек өз ғимаратымыз үшін төлейік деген шешім қабылдады.

«Сбербанк» ЕБ АҚ арқылы несие алды. Ал пайыздық мөлшерлемесі «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының 2-бағыты бойынша субсидияланды.
13 сәуірде «Baby Sun» БДО өз сауда белгісін тіркеді. Жаңа ғимаратқа көшкен соң бала саны едәуір артты. Сабақтар енді бұрынғыдан да кең сыныптарда өтеді. Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған дамытушы топтар, каратэ, көркем гимнастика және хореография секциялары - арт-студия ашылған. Бүкіл орталық бейне бақылаумен жабдықталған. Бұл әр ата-анаға баласын қадағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, балалармен қатар ересектер үшін де сабақ өткізу де жолға қойылды. Қызметкерлерді оқытудың авторлық әдістері әзірленіп, тіркелген.

СҚО, Петропавл, Бейбітшілік көшесі 193

+7 777 614 08 14

Instagram: _baby__sun_