info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Көкшетаулық тағы бір компания санитайзер шығара бастады

Жаңалықтар
29.04.2020

«Ардагер-М Company» ЖШС – 2014 жылдың ақпан айында құрылған. Қарқынды дамып келе жатқан компания. Бастапқыда өндірістік үй-жайларды жалға берумен айналысты. 2016 жылдан бастап кәсіпорын кілем жуу қызметіне кірісті. 2018 жылы «КлинингКоврочист» жаңа жобасын іске қосты.

2020 жылдан бастап компания кілем жуумен қатар химиялық тазалау қызметін көрсете бастады. Биыл бизнес-франшиза сатуға шешім қабылдап, «Коврочист» химиялық тазарту және кір жуу қызметтер желісі» тауар белгісімен жеке брендін әзірлеп, патенттеді.

Осы жылдар ішінде «Ардагер-М Company» ЖШС дамып, өсудің жаңа жолдарын іздеуден тынған емес. 2019 жылы кәсіпорын «Даму-Өндіріс» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы 6%-бен, 5 жылға 50 млн теңге несие алды. Қаржыны компания «GreenMar» сауда белгісімен тұрмыстық химия өндірісіне жұмсады.

Елдегі CОVID-19 пандемиясымен күрес кезінде компания өндірісті дереу басқа бағытқа бұрып, наурыз айында «Нandsanitizer» дезинфекциялық құралдар (тері антисептигі) шығару өндірісін іске қосты. Бұл құрал елдегі барлық сертификаттау мекемелері филиалдарында сынақтан өтті. Нәтижесінде, «HAND SANITIZER» бактерицидті, верулицидті, фунгицидтік және туберкулоцидтік қасиеті мол, зарарсыздандыру параметрлеріне толық сәйкес келетіні анықталды. Құрал «санитария-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитариялық - эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға» толық сай келеді. Сертификаты бар.

Әлеуметтік жауапкершілікті мойнына алған кәсіпорын ретінде компания Көкшетау қаласының мешітіне 100 литр дезинфекция сұйықтығын берді. Қазіргі уақытта аталған өнімді жеткізуге келісім-шарт жасау үшін келіссөздер жүргізілуде.

Мекенжай: Көкшетау, Солтүстік өндіріс аумағы 3, 8Б-құрылыс, тел: 8(716 2)41 10 09, 87710602828, 87778745959

Эл пошта: ardagercompany@mail.ru

Инстаграм: @greenmar_holding; @kovrochist_kokshetau