Қазір халық жеке отбасылық клиникалар қызметіне жиі жүгінеді. Тәжірибесі мен бағыты бойынша мұндай орталықтарда білікті мамандар бүкіл отбасы проблемаларын зерттеуге тырысады. Яғни, отбасындағы психоэмоционал ахуалдан бастап, пациенттің салауатты өмір салтын сақтау әдетін, ауру тудыратын барлық факторларды кешенді түрде талдай отырып, бас көтерген аурудың этиологиясын терең талдауға тырысады.
Кәсіпкерлік қызметте көп жылдық еңбек өтілі бар кәсіпкер Владлен Ким 2017 жылы Атырау қаласында осындай отбасылық клиника ашты.
«Family health clinic» жеке отбасылық клиникасы ересектер мен балаларға диагностика, емдеу, оңалтуға бағытталған барлық қызмет түрін көрсетеді. Клиника заманауи құралдармен жабдықталған. Бұл ауруды ерте даму анықтауға мүмкіндік береді. Күніне 300-ден астам адам қабылдайды. Клиникада ғылыми дәрежесі бар, алыс-жақын шетелдерде тағылымдамасы бар, жоғары санатты мамандар жұмыс істейді. Пациент өзіне қажетті қызметті таңдап, клиниканың дәрігерлік персоналымен, прейскурантпен танысып, таңдай алады. Осындай мұқият ойластырылған жүйенің арқасында клиент үзілген емес.
«Ким В. А» ЖК клиника құрылысы мен жабдықтау үшін «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы 14,0%-бен несие алып, «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 5,6%-ын субсидиялады. Кәсіпкер тек айырмасын төлейді.
Мекенжайы: Атырау қаласы, Оңдасынов көшесі, 9
Тел: +7-701-678-90-65; +7-7122-31-58-22
Instagram: @familyhealthclinic
Сайт: www.familyhc.kz