Түркістан облысы, Жетісай қаласында тұратын кәсіпкер Бақтияров Оразалы Толыбайұлының жүк тасымалымен айналысқанына біраз жыл болған. 1990 жылдары жалданып жүк көлігін жүргізсе, 2007 жылдан бастап жинаған қаражатына шатыр жапқышы бар, тіркемелі алғашқы көлігін сатып алды. 2009 жылдан кейін Оразалы Толыбайұлы екінші жүк көлігіне ие болған кезде жүргізуші жалдай бастады. Ал 2012 жылы кәсіпкер ескі екі көлігін сатып, өз қаражатын қосып, екі жаңа Volvo жүк көлігіне (тоңазытқыш қондырғысымен) қол жеткізді.
Кәсіпкердің арманы Volvo сүйретпелі, тіркемесінде Schmitz тоңазытқыш қондырғысы бар ірі көлік сатып алу еді.
Оразалы Толыбайұлы бұл жобасын жүзеге асыру үшін «АТФ Банк» АҚ арқылы 14%-бен 34 000 000 теңге несие рәсімдеді. «Даму» Қорының қолдауымен «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемесінің 50%-ы субсидияланды.