«Комфорт-1 KZ» ЖШС құрылыс материалдарын бөлшек саудалаумен айналысады. «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында кәсіпорын бизнесте жаңа бағытты іске асырмақшы. Кәсіпорын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ 15,5% үстемемен несие рәсімдеп, оны тек 5,5% мөлшерлемемен төлеуге мүмкіндік алды. «Даму» Қоры тарапынан кәсіпорынға қажетті 50% көлемдегі кепілдендірумен қамтамасыз етіліп, несиенің 10% үстемесі субсидиялануда.
«Комфорт-1 KZ» ЖШС жоба бойынша шыныпакеттер, триплекс өндіру мен шыныны қатайтып өңдеу, шынықтырумен айналысады. Қазір Қазақстанда шыныны қатайтып өңдеумен тек 14 кәсіпорын айналысады. Компания директоры Қайрат Үсеновтің айтуынша, бүгінде Қызылорда облысы аумағында аталған бизнес бағытында жұмыс жасайтын кәсіпорындар жоқтың қасы.
- «Шыныны қатайтып өңдеуге деген жоғары сұранысқа қарамастан, біздің аймақта осы қызметті көрсететін мекемелер болмаған. Құрылыс пен өндіріс саласын қолға алған жергілікті компаниялар осы қызметті пайдалану мақсатында өзге өңірлерге барып, күйдірілген әйнекті жеткізу кезінде қосымша шығындарға батады. Міне сондықтанда біз осы бизнесті дамытып, төмен бағадағы қызмет ұсынумен қатар, қала бойынша тегін жеткізуді де қарастырып, нарыққа шығуды жоспралап отырмыз», - дейді Қайрат Үсенов.
«Комфорт-1 KZ» ЖШС жаңа 10 жұмыс орнын ашпақ.